Мектепішілік ата-аналар жиналысы өтті » Өскемен қаласы әкімдігінің "N49 жалпы білім беретін мектебі"
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
"N49 жалпы білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7232) 51-20-29
Есепші бөлімі:
+7(7232) 51-20-29
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Мектепішілік ата-аналар жиналысы өтті http://49-oskemen.mektebi.kz/uploads/posts/2020-12/1609042348_499.jpg
19
сентябрь
2022

Мектепішілік ата-аналар жиналысы өтті

19 қыркүйек күні мектебімізде  ҮШТІК ОДАҚ:  "Мектеп, ата -ана, бала арасындағы байланыс" тақырыбында жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы өтті. Күн тәртібінде негізгі үш мәселе қарастырылып, ата аналар тарапынан қосымша сұрақтарға жауап берілді. Алғашқы сөз  жиналысқа арнайы шақырылған маман сол  жағалау полиция бөлімінің аға лейтенанты Абаев Расул Ерланович оқушылар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу шаралары туралы, және Өскемен қаласы Бастапқы медициналық - санитарлық "№1 көмек" денсаулық сақтау басқармасының акушер-гинекологы Балтабаева Толқынай Өміржановна ата-аналарға репредуктивті денсаулық тақырыбында түсіндірме жасап, кеңес берді.  
Мектеп директоры  Кадирова Айгуль Чуленбаевна өткен оқу жылының қорытындысы, оқушы мен мұғалім жетісітігі  туралы, жақсы тәрбие мен білімімен көзге түсіп жүрген және әртүрлі жарыстар, аудандық, облыстық деңгейдегі пәндік олимпиадалардан  жүлделі орындар иеленіп жүрген оқушылардың  ата-аналарына алғыс білдірді. Осы оқу жылында білім мазмұнын жаңғырту туралы ата-аналарға түсінік берді. 
     Ата-аналар қауымдастығының төрайымы Дошманова Ляззат Мыңжасарқызы "Үштік одақ: ата-ана, мұғалім, оқушы" тақырыбында баяндама жасады. Сонымен қатар, жиналыста ата аналарға  жолда жүру ережесі, өрт қауіпсіздігі туралы жадынама, оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру, мектепішілік мектептен тыс үйірмелер мен спорттық секциялар, пәндік үйірмелер туралы айтылды. 
Жиналыс соңында ата-аналар қауымдастығының төрайымы  мектеп ұжымын жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады.




Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив