ЕҢБЕК- ӨНДІРІС - ТАБЫС » Өскемен қаласы әкімдігінің "N49 жалпы білім беретін мектебі"
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
"N49 жалпы білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7232) 51-20-29
Есепші бөлімі:
+7(7232) 51-20-29
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » ЕҢБЕК- ӨНДІРІС - ТАБЫС http://49-oskemen.mektebi.kz/uploads/posts/2020-12/1609042348_499.jpg
23
май
2021

ЕҢБЕК- ӨНДІРІС - ТАБЫС














Еңбек 

 Өскемен қаласының тарихы

Өскемен қаласы Кенді Алтай орталығында Ертіс өзенінің жоғарғы ағысында Үлбі өзеніне құйылыс бассейнінде орналасқан.

XVIII ғасыр басында Ресей оңтүстік бағыттағы сібір аумақтарын кеңейтті, сол үшін шекараларда әскери қорғау бекіністері тұрғызылды. 1720 жылдың 12 тамызында Ресей армисяының әскери тобы Ертіс өзені мен Үлбі өзенінің қосылған орнына келіп, бекіністі салу жұмыстарын бастады. Бұл күн Өскемен қаласының негізі қаланған күні ретінде қабылданған.

1845 жылы бұрынғы қорған құрылысының жобасы бекітілген. Жоспар бойынша қала аумағы солтүстікке қарай дамиды. Қала құрылымының қалыптасуына басты халықаралық жолдар маңызды рөл атқарды.

1882 жылы Омск облысының қалыптасуына байланысты, Өскемен қаласы округтік қала болды. 1838 жылдан Өскемен қаласы Тоболь губерниясына қосылды. 1932 жылы Шығыс Қазақстан облысы құрылды. 1943 жылы қорғасын-мырыш комбинаты, ал 1939 жылы - Өскемен ГЭС құрылысы басталды. 1939 жылдан бастап Өскемен қаласы ШҚО облыстық орталығы болды.

XIX аяғында XX басында қала өзінің бірінші экономикалық өркендеуін көрсетті. 1861 жылдан 1913 жылға дейін қала тұрғындары негізінен қоныстанушылар есебінен бес есеге өсті (3334 және 17980 адам). Семипалатинск жолы бойында және Бұқтырма жолындағы Сограда «Заречный хутор» жаңа тұрғын үйлер құрылған – ол кейіннен ірі қоныстану аумағы болды. Өткен жүзжылдықтың жиырмасыншы жылдары толығымен қала орталығы қалыптасады – Собор және Сауда алаңы, бұд жерде қоғамдық, әкімшілік және сауда ғимараттары қатары орналасады (бүгін бұл Киров атындағы саябақ).

1936 жылы 1888 жылы салынған Покров соборы идеологиялық түсініктер салдарынан бұзылған болатын, оның нәтижесінде екі онжылдықтан кейін қайта қалпына келтірілген қаланың басты элементі – орталықтан айырылды.

1941 күзден облысқа және қалаға эвакуация жасалған кәсіпорындар мен мекемелер келе бастады. Өскемен қаласына Симферополь мотор жөндейтін зауыты жеткізілді. Ол «Алтайстрой» трест алаңшаларында орналастырылды. 1942 күзде Орджоникидзе қаласынан «Электроцинк» зауыты жабдығымен эшелондары келе бастады. Тұрғындары жиырма мыңнан астам қалаға бір мезгілде екі мыңан астам отбасыларымен инженерлік-техникалық жұмысшылар келді.

40-60 жылдары қала ішкі резервтер есебінен дамыды, тарихи қалыптасқан құрылыстың жаһандық реконструкиялауы жүргізілді. Алпысыншы жылдың аяғында аумақтық ресурстар сарқылды – қала Ертіс өзенінің таулы жоталдара арасында щығыста оң жағалауында және солтүстікте өнеркәсіп аймағымен және батыста эколологиялық қолайсыз аумақпен «жабық» болып қалды. 1967 жылғы бас жоспармен жаңа оңтүстік бағыты – Ертіс өзені сол жағалау бөлігі белгіленді. Бүгін сол жағалауда тұрғын үйдің жобаланған мөлшерінің шамамен 15% салынған.

1960-1966 жылдары қала дамуының негізіне шағын аудандармен салу принципы қойылған. Ертіс сол жағалауында жібек маталар комбинатын енгізумен жаңа тұрғын үй алқаптары басталды (ЖМК). Қаланың сол және оң жағалау бөліктерін байланыстыру үшін автомобиль көпірлері тұрғызылды. Көпірлер коммуникациялық қаланың үш құрамдас бөліктері Ертіс және Үлбі - табиғи су бекеттерімен бөлінген байланысында маңызды рөл атақарады.

Қала құрылысында кеңес сәулеті мен құрылысының ең бір белгілі жетістігі Ертіс өзені жағалауы бойында тұрғын үй алқабын атап айтуғу болады («Стрелка» деп аталатын). Алқап орташа және жоғарғы қабатты көп пәтерлі тұрғын үйлермен басымды салынған. Комфортабельді пәтерлер, қолайлы жаяу жүргіншілер және көліктік байланыстар, қолайлы жасыл аулашықтар және оң жағындағы шағын бақтар қаланың тартымды аудандары түрінде оны көрсетеді.

Қаланың маңызды қала құрылысын құрайтындары - қала маңы және тұрғын үй туындылары.

Ескі Согра – бекітудің Колывано-Кузнецкой торабы тізбесінде 1745 жылы туындады.

Меновной қаласы (Меновное) 1765 жылы – таможня және сауда орталығы ретінде Ертіс оңжағалау бөлігінде туындады.

Ертіс өзені ағысында бірнеше шаршыда Үлбі өзенің тармағының жағажайында 1725 жылы казак ауылы «Защита Хлебопвахотная» пайда болды. 1745 жылы станицада өрттен кейін қаланың оңтүстік-шығыс жағына қоныстанды, ал жүз елу жылдан кейін қаладан «Защита» хуторына және Жаңа Өскемен кентін тұрғызып Ертістің солжағалауына қоныстанады.

1901 жылы Ертісте өзен кеме шаруашылығы ашылды. Жағажай, өзен және темір жолы қиылысы орны, жұмысшы кенті қала құрылысын жаһандыру ортасы ретінде танылды – бүгінгі қаланың құрамдас бөлігі.

XX ғасырджың 40 жылдары қала маңында бір қабатты кенттер қатары пайда болды (Октябрьский, Красина, Мирный, Шмелев Лог).

Аблакетка кенті (40-50 жылы) Өскемен ГЭС құрылысы кезеңінде қалыптасты. Кентті ірі қалалық ауданға айналдыру бойынша жобалық ұсыныстар болған, бірақ та ұсыныстар іске асырылған жоқ.

Қаланың солтүстік-шығысында 50-60 жылдары жаңа өнеркәсіп түйіндері дами бастады, жұмысшылар үшін қазіргі уақыттағы тұрғын аудан Новая Согра пайда бола бастады.

Ахмер ауылы жанында әскери бөлімшені орналастырғаннан кейін, Жаңа-Ахмер әскери қаласы қалыптаса бастады.

Сексенінші жылдары қала биліктері Ертіс өзені солжағалауында жеке тұрғын үй құрылысы үшін ірі жер аумақтарын бөлу туралы шешім қабалдады, Металлург кенті осылай пайда болды.

285 жыл ішінде қаланы қалыптастырудағы өзіне тән ерекшелігнің бірі әлеуметтік, экономикалық және саяси факторлар әсерінен жүйелікті, импульсивті дамуы, қоныстану аумақтары даму бағытының ауысуы және қоғамдық орталықтардың дамуы болып табылады.

Аумағы

·  Өскемен қаласының аумағы – 20284 га;
 Өскемен қалалық әкімшіліктің шекараларындағы аумақтың алаңшасы – 54 375 га.

Шекарасы

·   Өскемен қаласының шекарасы
 – сол түстік – глубокое ауданының жерлері.
 – оң түстік – батысында – Ұлан ауданының жерлері
 – шығысында – Зырян ауданының жерлері.

Халқы

·340,631 мың. адам, соныңішінде 

– қалалық – 328,679;

– ауылдық – 11,952

Инфақұрылым

·  Өскемен қаласында бюджеттен қаржыландырылатын келесі білім беру ұымдары:
 – Жалпы білім беру ұымдары – 45,
 – Мектепке дейінгі білім ұйымдары – 26,
 – Түзету мектепбалабақшалар – 4,
 – Қосымша білім беру ұымдары – 14,
 – Кешкі білім беру ұйымдары – 2, қалалық бюджетттен қаржыландырылады

 -Мемлекеттік тапсырыстағы жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдар –1 4,
 – Жекеменшік мектептер – 2,
 – Мемлекеттік тапсырыссыз мектепке дейінгі жекеменшік ұйымдар – 3.
 – Қалада дене шынықтыру, спортпен шұғылдануға арналған 414 нысан, соның ішінде бір спорт сарайы, 4 стадион, 6 кешен, 10 жүзу бассейні, 84 спортзал, 4 теннис корты, 38 спорт қорапшасы, 2 ескек есу кешені, 1 ату залы, 14 жаттығу залы, 1 теннис орталығы, 2 хоккей модулі бар, 17 жеке фитнес-клуб жұмыс істейді.







Өндіріс

Өскемен қаласының аумағында 2600 сауда орындары бар 20 базар жұмыс істеуде. 

Өскемен қаласының базарлары жабдықтарға қойылған техникалық талаптарға және көрсетілетін қызметтердің түріне барлық параметрлері бойынша сәйкестірілген. 

Жабық базарлар сумен, электр энергиясымен, канализация құбырларымен және жылумен қамтылған.

Азық-түлік тауарларын сататын базарлар қажетті сауда жабдықтарымен, салмақ өлшеу аспаптарымен, арнайы киімдермен қамтамасыз етілген. «Центральный», «Заречный», «Шығыс-Таңы», «Дина», «Жардем» базарларыныңветеринарлық-санитарлықсараптаузертханалары ҚР «Ветеринария туралы» Заңының талаптарына сәйкес, белгіленген заңнамалық тәртіпте аттестатталған, қажетті жабдық тармен жабдықталған, тиісті бөлмелер, жұмыскерлердің штат саны бар.

Барлық жоғарыда көрсетілген базарлардың жұмыс істеуіне құқық куәландыратын құжаттары бар. Әрекеттегі базарларда сатып алушыларға қызмет көрсетуді жетілдіру және жақсарту бойынша жұмыс жүргізілуде.

Өскемен қаласында сауда объектілері, қоғамдық тамақтану және қызмет көрсету саласындағы кәсіпорындар жүйелері дамыған.

Қала аумағында ірі сауда кешендері: «Император», «Альшемали», «Валентина», «Эмилия», «Алем», «Еуразия», «ТК Сулпак», «Нарын», «Зангар», «Жазира», «АБДИ», «Сәтті», «Иртыш», «Усть-Каменогорск», «SHINI RIVER» қонақ үйлері, «Корона», «Вояж», «Солнечная река», «Золотая рыбка», «Старый Тбилиси», «Асқар Тау», «Султан» мейрамханалары және тағы басқалары орналасқан.

Өскемен қаласы бойынша 33 мәдени ошақтары бар: соның ішінде 1 театр, 1 филармония, 1 достық үйі, 3 мұражай, 1 республикалық кітапхана, 3 облыстық кітапхана, 13 қалалық кітапхана, 1 металлургтер мәдениет сарайы, 1 орталық мәдениет үйі, 1 ТМК АҚ мәдениет үйі, 4 клубтық мекеме, «Металлург» мәдениет және демалыс саябағы, 2 кинотеатр «Юбилейный» и «Эхо».

Өскемен қаласында 4 саябақ бар: «Металлургтер» саябағы – 1, «Жастар» саябағы – 1, «Жамбыл» саябағы – 1, «Этнографиялық» саябағы – 1.

Өскемен қаласы аумағында 3 мемлекеттік аурухана дәрігерлік жәрдем көрсетеді, 5 жеке меншік нысаны істейді; 40 амбулаторлық поликлиникалық ұйымдастырлары (мемлекеттік+жеке меншік), 26 емханасы, 11 тіс емдеу емханасы, 3 СВА, 3 фельдшер-акушерлік және 3 медициналық пунктер дәрігерлік жәрдем қызмет көрсетеді.

Өскемен қаласының аумағында базалық салалармен ұсынылған, көп салалы индустриалды кешен қалыптасты (жалпы қалалық өндірістің көлемінен металлургиялы өнеркәсіп өндірісі – 81,4%, электроэнергия, жылу, газ және су таралуы мен өндірісі – 6,2%, машина жасау – 3,7%).

Өнеркәсіптік өнімдер өндірісінің көлемі 2017 жылдың 540,6 млрд. теңгені құрады, 2016 жылмен салыстырмалы бағада 60% өсті. ТИК – 97,9%.

Тау-кен өнеркәсібінде 363,1 млн. теңгеге өнім өндірілді, ТИК – 63,6% құрады. Азық-түлік өнім өндірісінде 23,7 млрд. теңге, ТИК – 113,9% құрады.

Азаматтардың сұранысын қанағаттандыруға бағытталған өнімнің табиғи көлемді сүт өнімі 2,3 есе, тоқыма жоғарғы киімдер – 43,2%, ағашты каркас жиҺаздар – 13,2%, фармацевтикалық препараттар – 19,2% өсті.

Құрылыс саласында пластмассалық есіктер мен әйнектердің өсімі – 10,2%, керамикалық кірпіштер – 2,1 есе қамтамасыз етілуде.

Металлургиялық өнеркәсіпте олардың үлесіне қаланың барлық өнеркәсіптік өндірісінен 81,4% құрайды, өңделмеген қорғаныс өндірісі 24,9% мыс – 8,2%, мырыш – 1,4% ұлғайтылды.

Өнеркәсіптік әлеует және өнімнің бәсекеге қабілеттілігін артуға МҮИИДБ жобасын жүзеге асыру әрекететеді.

Қаланың базалық өнеркәсіптік саласы металлургиялық өнеркәсіп және металлды өңдеу болып саналады, ол экономика жағдайын облыс және қалада анықтайды. Өскемен қаласының өнеркәсіптік өндірісінің жалпы көлеміндегі меншік салмағы 81,4 % құрайды. Облыс орталығының кәсіпорны Республикадағы мырыш, титанның, магнийдың жалғыз өндірушілері болып саналады, олардың үлесіне тазартылған мырыш және аффинирилинген алтынның 60%, 20% аффиниреленген күмістің шығарылымы кіреді. Саланың негізгі кәсіпорындары: «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ, «Қазмырыш» ЖШС, «Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ болып саналады.

Машина жасау саласы «Востокмашзауыт» АҚ, «Азия Авто» АҚ, «Өскемен арматура зауыты» АҚ, «Өскемен конденсатор зауыты» АҚ ұсынылған. Олар тау шахталы және байытылған жабдық, мұнай және құбыр өткізгіш арматураны, автокөліктерді, конденсаторларды және т.б. шығарады.

Химия өнеркәсібі «Ульбафторкомплекс» ЖШС», «Казцинкинтех» ЖШС, «Орика-Қазахстан» ЖАҚ ерітінді, күкірт қышқылын, жаңа технологиялар бойынша эмульсионды жарылғыш заттарды шығарады. Электрлік және жылу энергиясының өндірушілері «АЭС Өскемен ЖЭО» ЖШС, «Өскемен АЭС ЖЭО», «АЭС Согралық ЖЭО» болып саналады.

өндірістің 18 түрі, оның ішінде:

– ауылдық, орман және балық шаруашылығы – 0,25 %,

– өнеркәсіп – 30,5 %,

– құрылыс – 7,7 %,

– толайым және жекелей сауда; автокөлік және мотоциклдерді жөндеу – 7,6 %,

– көлік және қойма – 4,5 %,

– қойма шаруашылығы мен қосалқы көліктік қызмет – 2,8 %,

– почта және курьерлік қызмет – 0,5 %,

– тұру бойынша қызметтер мен тамақтану – 1,5 %,

– ақпарат және байланыс – 3,5 %,

– қаржылық және сақтандыру қызметі – 3,3 %,

– жылжымалы мүлікпен операциялар – 0,7 %,

– кәсіптік, ғылыми және техникалық қызмет – 2,8 %,

– әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет – 2,9 %,

– мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамту – 14,7 %,

– білім беру – 12,4 %, денсаулық сақтау мен әлеуметтік қызметтер – 8,8 %,

– өнер, демалыс және ойын-сауық – 1,3 %,

– басқа қызметтерді ұсыну – 1,2 %.

Жер ресурстары

– Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер – 23335 га;

– Елді мекендердің жері – 20284 га;

– Өнеркәсіп мақсатына арналмаған жер – 4259 га;

– Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жері– 2 га;

– Су қорының жері – 177 га;

– Босалқы жер – 6258 га.





Еңбек ресурстары

 2017 жылғы қаңтар-желтоқсан жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу үшін 9146 адам өтініш жасады, бұл 2015 жылғы сәйкес кезеңінде 522 адамға аз.

2018 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша еңбек нарығында тіркелген жұмыссыздар саны 1630 адамды құрайды, өткен жылдың сәйкес кезеңінде 994 адамға аз.

4 965 жұмыс орнын құру жоспарланып, 2017 жылы 5894 жұмыс орны құрылды. 

450 адам жастар тәжірибесіне жіберілді (жоспардың 125% -ы), әлеуметтік жұмыс орындарына 282 адамды (188%), қоғамдық жұмыстарға 487 (127%), 1,362 адамды (106%) қайта даярлау,  кәсіптік оқытуға 449 адам жолдау жоспарлануда.

Есепті кезеңде нақты мекен-жайы жоқ адамдарды әлеуметтік бейімдеу орталығында 369 адам сауықтырылды, оның ішінде: 167 - жеке куәліктер қалпына келтірілді, 49 - тұрақты немесе уақытша жұмысқа орналастырылды, 7 - мүгедектік тіркелді.

Кадрлар әуелеті

 Өскемен қаласында 4 ЖОО бар: Д. Серикбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті, С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті, Қазақстан-Американдық еркін университеті, Г.В.Плеханов атындағы Ресей экономикалық университетінің Өскемен филиалы

Сонымен қатар қалада 25 техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің оқу орындары жұмыс атқарады.

Инвестициялық әуелет

Инвестициялық жобаларды жүзеге асырудың ағымдық жағдайы.

Индустрияландыру картасы, Бизнестің жол картасы аясындағы жобалар 2015-2019 жылдарға ҚР Мемлекеттік Үдемелі индустриалды-инновационалдық бағдарламасына және «2020 Бизнестің жол картасы» бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылуда.

«2020 Бизнестің жол картасы» бағдарламасы аясында кәсіпкерлердің несиелері бойынша пайыздық ставкаларды қайта қаржыландыру жүзеге асырылады, сонымен несиелерді алуда банктің алдында кепілдік ұсынады.

Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде үдемелі индустриалды-инновациялық дамытудың бірінші бесжылдығы 2010-2014 жж. Аралығында Өскемен қаласында 18 инвестициялық жобалар жүзеге асырылды, соның ішінде: 14 жоба іске асырылды, 2016-2019 жж. жобалық қуатқа шығу іске асырылу сатысында 4 жоба жоспарланып отыр

Іске асыру барысында 3000-нан астам жұмыс орны құрылды, 11 млрд.теңгеден астам бюджетке түсті, инвестициялар - 150 млрд. Теңгеден астам («Өскемен ТМК» АҚ - 2 жоба, "Қазмырыш" ЖШС, "Востокмашзавод" АҚ, "Ақсай Нан" ЖШС, "ИртышТанурПлюс" ЖШС, "ПОСУК Титаниум" ЖШС, "Мелисса" ЖШС, "Өскемен өнеркәсіптік арматура зауыты" АҚ, "Шығыс Сүт " ЖШС, " Өскемен арматура зауыты" АҚ, "АЭС Согра ЖЭО" ЖШС, "СКРП "Полиус" ЖШС, "Өскемен технологиялық жабдықтар зауыты" ЖШС, "Азия-Авто Қазақстан" АҚ, "BalumKazService" ЖШС, "УК Конденсаторный завод"АҚ, "Альжан Агро Трейд" ЖШС)

Екінші бесжылдыққа 2015-2019 жылғы арналған МИИДБ 4000-ға жуық жұмыс орны құрумен 6 жоба көшті: "Азия-Авто Қазақстан" АҚ, "Мелисса" ЖШС, "Өскемен технологиялық жабдықтар зауыты" ЖШС, "Өскемен Конденсатор зауыты" АҚ, "BalumKazService" ЖШС, "Өскемен ТМК" АҚ.

Биылғы жылы 5 жаңа жоба енгізілді, 4500-ден аса жұмыс орнын құрумен қала бойынша МИИДБ аясында 11 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда:

- Республикалық маңызы бар 1 жоба: "Азия Авто" АҚ - "Шығыс Қазақстан обылысы мен Өскемен қаласындп автоқұрамдауыштар шығаратын технопарк және толық циклді автозауыт құрылысы ".

- Аймақтық маңызы бар 10 жобалары: "ТМК" АҚ- "Соқпалы прессті "ПА-1343" кеуекті титанның қабатымен жаңарту"; "Мелисса" ЖШС- "OSB плита өндіретін зауыты"; "УК технологиялық жабдық зауыты" ЖШС- "Технологиялық жабдықтарөндірісі бойынша зауыты"; "УК Конденсаторный завод"АҚ.

- Жаңа энергия үнемдейтін жабдықтар әзірлеу және өндіріске қою: трансформатор ток сыйымдылығы, жоғары қуатты конденсаторлар" "BalumKazService" ЖШС - "Тау – шахталы машина және жабдық зауытының құрылысы"; "Казцинк" ЖШС - "Технологиялық көрсеткіштерді арттыру және флотация қуаттарын келтіру мақсатында № 1 (1,2,3 қатар) ҚҚ ЗКБК флотация секция мырыш-пиритном циклде РИФ-25, РИФ-16 флотациялық машиналарды ауыстыру"; "KazWoodGroup" ЖШС - "Жоғары технологиялық композиттік материалдар арқылы терең өңдеу ағаш, экологиялық таза өндіру көп салалы зауыты"; "Вертекс-Восток" ЖШС- "Өндірістік және технологиялық жаңғырту кәсіпорындар бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу" "ТАГ-ТИН" ЖШС- "Жаңа жабдықтарды енгізе отырып майлы дақылдарды (рапс,күнбағыс) өнімділігі тәулігіне 200 тонна шикізат қайта өңдеузауыт құрылысы"; "B.P. Group" (Б.П. Груп) "Пайдалы кенді қазбалар мен минералдық талдау және байыту сынама алу өндірістік кешені ".

Жаңа өндірісін орналастыру үшін мүмкіндіктер: қалада 2 жер телімі индустриялық аймақ бар, бірақ осы уақытқа дейін барлық қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етілмегендер:

  1. «Өркен-КШТ», Самарское тас жолы, жалпы алаңы 33,5 га; автокөлік жолдарының құрылысын учаске бойынша ТЭН, ол мемлекеттік сараптамадан өтті және экономикалық сараптаманы алуға бағытталған. Қосымша инфрақұрылымды жұмыс істегені үшін ТЭН әзірлеу жүргізілуде

2. Арматура зауыты ауданында Машиностроителей көшесі бойынша, жалпы алаңы - 26,6 га. Учаске бойынша инженерлік-инфрақұрылым қалпына келтіру бойынша жұмыстарды аяқтау қажет.

Қаржыландыруды талап ететін әлеуметтік инфрақұрылымның жобалары:

1) Бүгінгі күнде Өскемен қаласының жылумен қамту сызбасы әзірленуде ол өзіне ТЭН және Сол жағалау ЖЭО құрылысын кіргізуде. Жылумен қамтуды дамытудың сызбасы 400 Гкал/сағ көлемінде жылу энергиясының тапшылығын жабуды ескереді және қаланың алыстанған аудандарында шағын қазандықтарды жабу есебінен экологиялық жағдайды жақсартады (Аблакетка, Аэропорт, Меновной) және негізгі жылу магистральдарды тегіс таратады. Шамаланған ТЭН әзірлеу бойынша жобаны жүзеге асыру мен Сол жағалау ЖЭО құрылысына 300 млрд. Теңге қуаттылық қажет.

2)19 тұрғын ауданда Жастар сарайының құрылысы

3) Қаладағы қаңғыбас жануарлар үшін үйлерді ұстау мен құрылысы

4) Мемлекеттік тұрғын-үй қорынан тұрғын үй алуға жоғары кезекшілік (9 мыңнан астам).

5) Санитарлық-қорғалған аймақтан тұрғындарды көшіру үшін (3,8 мың адам) тұрғын-үйдің құрылысына қажеттілік 16,8 млрд. теңге.

6) Көліктік байланыстың жеткіліксіздігі мен көпірлердің апатты жағдайы, қаланың бас жоспарына сәйкес көше-жол желісін дамытудың қажеттілігі. Қажет: 

– Қазақстан көшесінің Ертіс өзені арқылы өтетін көпір тұсындағы көпір өтпелерін жаңғыртуды аяқтау үшін 2017 жылға қаржылау қажеттілігі 329 млн. теңге құрайды;

– Спорт сарайы ауданында Үлбі өзені арқылы өтетін автокөлік көпірін жаңғырту қаржылық қажеттілі – 546 млн. теңге;

– «Өскемен – Таврия – Семей» автокөлікті трассаға шығумен Виноградов көшесінің қиылысында өтпе көпірдің құрылысы мен жобалау, қаржыландыруда қажеттілік 30 600 млн. теңге;

– «Сәтпаев – Жібек жолы – Есенберлин» көліктік байланысты жаңғырту, қаржыландыруда қажеттілік 740 млн. теңге;

– Қ. Сәтпаев даңғылын Жібек жолы көшесінен К. Маркс даңғылына дейн  қайта жаңарту қаржылық қажеттілігі - 2 561 млн. теңге;

– К. Маркс даңғылынан «Южный» магистральныа дейінгі нөсерлі канализациямен Сәтпаев даңғылың құрылысыын қаржыландыру қажеттілік – 1100 млн. теңге.

– Лопатино арал ауданындағы Ертіс өзені арқылы өтетін көпірден бастап  Ахмер ауылына дейін автокөлік жолын жаңарту үшін 1284 млн. теңге құрайды

– Әуезов даңғылынан бастап Даңқ Мемориалына дейін Е.П. Славский атындағы жағалауын жаңарту үшін қаржылық қажеттілік 451 млн. теңге құрайды;

– Үлбі көпірінен бастап Потанин көшесіне дейін Астана көшесін жаңартуға қаржылық қажеттілігі 1200 млн. теңге құрайды.

– Су көздерінің тапшылығына және тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамту мақсатында «Жаңа-Өскемен су құдығы» құрылысы мен жобалау қажет. Қаржыландыру қажеттілік 2000 млн. теңгені құрайды.

– Туристік кластер мен көшпелі және ішкі туризмді дамыту үшін қонақжай кешен мен сәйкес инфрақұрылым нысандардың құрылысы қажет.

Кадрлар ресурстарында қажетсіну

 Өскемен қаласының еңбек нарығындағы кадрларға ай сайыны сұраныс 1200 адамды құрайды. Бос орындардың көбі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықта, денсаулық сақтауда, қызметтер мен саудасаласында.

Туристік әуелет

 Өскемен қаласында қала тұрғындары және қала қонақтары үшін қызығушылық тудыратын 17 туристтік нысан орналасқан. Олардың ішінде:

– Тарихи-мәдени нысандар – 4 (Металлургтер мәдениет үйі, ШҚО Жамбыл атындағы драмалық театр, «Эхо» кинотеатрі, ШҚО Достық үйі);

– Этнографиялық нысандар – 4 (ШҚ облыстық құрылыс–этнографиялық және табиғи-ландшафтты мұражай-қорық, ШҚ облыстық құрылыс-этнографиялық және табиғи-ландшафтты мұражай-қорық, сол жақ жағалау бөлігі; ШҚ облыстық құрылыс-этнографиялық және табиғи-ландшафтты мұражай-қорық, «Жастар» саябағы; ШҚ облыстық құрылыс-этнографиялық және табиғи-ландшафтты мұражай-қорық, «Жамбыл» саябағы.)

– Әлеуметтік-мәдени нысандар – 9 («Үлбі» мәдениет үйі; ШҚ облыстық құрылыс-этнографиялық және табиғи-ландшафтты мұражай-қорық, «Сәулетай» саябағы; «Металлург» саябағы; «Юбилейный» кинотеатрі; Аблакетка айлағында таудағы ҚР мемлекеттік рәміздері орнатылған байқау алаңы; «Ғашықтар аллеясы»; ШҚО тарихи-өлкетану мұражайы; ШҚО өнер мұражайы; Өскемен қаласының орталық мешіті).

Шығыс Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасы –  «Атамекен» ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының аумақтық бөлімшесі,  «Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 2013 жылғы 28 қазанда құрылған, сондай-ақ бизнес пен биліктің тиімді әріптестігі негізінде даму үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында кәсіпкерлік субъектілерін біріктіретін коммерциялық емес, өзін-өзі басқаратын ұйым.

Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлер палатасы қызметінің негізгі бағыттары

1. Оқыту, кеңес беру, кәсіпкерлерді бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары, бизнесті жүргізу, заңнамалық талаптар мен жаңалықтар және т. б. туралы хабардар ету.

2. Кәсіпкерлерді құқықтық қорғау, әкімшілік кедергілерді және бизнестің түйткілді мәселелерін аудандар, өңірлер, республика ауқымында анықтау және шешу.

3. Отандық өндірістерді дамыту және тауарлардағы, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердегі қазақстандық қамту үлесін арттыруға жәрдемдесу, бизнес-жобаларды және инвестициялық жобаларды сүйемелдеу.

4. Шығыс Қазақстан облысы кәсіпорындарында талап етілетін мамандарды кәсіби даярлауға жәрдемдесу.

5. ШҚО агроөнеркәсіптік секторын дамытуға және ауыл шаруашылығы саласындағы бизнес проблемаларын шешуге жәрдемдесу.

ШҚО Кәсіпкерлер палатасының әлеуметтік желілер және мессенджерлердегі парақшалары:
 Facebook: 
www.facebook.com/groups/OskemenBiz/ («Бизнес в Усть-Каменогорске и Восточно-Казахстанской области»)

Instagram: @palatavko

Telegram: t.me/palatavko

Өндіріс және оның мәні, факторлары және түрлері

Өндіріс – бұл қоғамның дамуы мен өмір сүруі үшін қажетті материалдық және рухани игіліктерді құру процесі.Өндіріс ұғымы жалпы алғанда – бұл абстракция, бірақ ақылға сиымды абстракция, себебі ол шын мәнінде жалпылама мағынаны білдіреді және өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс сияқты жиынтық өндірісте көрінеді.

Өндіріс бір мезгілде тұтыну процесінде бола алады.Өсімдік химиялық элементтерді тұтына отырып, өзін –  өзңұдайы өндіреді.Өнеркәсіп материалдық  жұмыс күшін, шикізат пен материалдарды  тұтына отырып, матералдық өндірістерді ұдайы өндіреді. Өндіріса процесітек қана үш факторлардың – адамның  жұмыс күші, еңбек заты мен еңбек  құралдары – өзара іс – әрекеті  арқылы (бұл К.Маркс бойынша) жүзеге асуы мүмкін.Бірінші фактор – жеке түрде жүзеге асса, екіншісі мен үшіншісі – өндіріс процестерінің заттық факторы  ретінде іске асады.Осы жағдайды ескере отырып, К.Маркс былай жазған: «Қоғамдық өндіріс түрлері қандай да болмасын – жұмысшы мен өндіріс құрал – жабдығы үнемі оның факторы болып қалады».

Жұмыс күші – бұл адамның дене мен рухани қабілеттілігінің жиынтығы және оны өндіріс процесінің материалдық игіліктер мен қызмет көрсетуінде қолданылады.Өндіріс процесі жүзеге асуы үшін жұмыс күші әрбір кезде іс – әрекетте болуы қажет, басқаша айқанда, оның факторы болып қалады.

Қазіргі кезде еңбек затының  өзі көп жағдайда бұрынғы еңбектің күші болып табылады.Мысалы, машина жасау зауытындағы металл, құрылыстағы  цемент, тоқыма фабрикасындағы мақта  және т.б. Бұлардың барлығы түптеп келгенде табиғат қорынан алынады. Еңбек  құрал – саймандарының адам табиғи мүшесінің жалғасы ретінде жүзеге асады және оны   еңбек процесінде қолданады.

Еңбек құрал –  саймандары бұл әртүрлі механизм мен машина, инструмент пен қажет тетіктер, двигатель, жеткізетін құрылым және т.б. нәрселер.Еңбек құрал – саймандарының даму деңгейі көп жағдайда һндірісте жүзеге асатын адамдардың арасындағы қатынастар көрсеткіші болып табылады.Машина өндірісі жағдайында механикалық еңбек құралдары үш компонентті машина жүйесңндң дамыды:жұмыс машинасы, двигатель, жеткізетін құрылым. Ғылыми техникалық революция бұған жаңа компонентті қосты – электронды басқары құрылымын және ол ой еңбегі қызметінің формалды икемге келетін жұмыстар атқарады.Осы процесінен шығады жәнеонымен қатар тұрады.Нәтижесінде технологида түбегейлі өзгереді.

Еңбек заты мен құрал –  саймандар бірге өндіріс құрал – жабдықтарын құрайды.

Әрбір жеке адам жұмыс істейді, бірақ  барлық еңбек процесі ұжымда, қоғамда жүзеге асады. Өндіріс әрқашан қоғамдық сипатта болады,: өндіргіш күштер және өндірістік қатынастар.

Өндіргіш күштер – бұл өндіріс құрал – жабдықтары, ең алдымен еңбек құралдары, соныман қатар материалдық игіліктерді өндіретін адамдар.Адамдар қоғамның басты өндіргіш күші, олар ғана өндіріс құрал – жабдықтарын іске қосады.Өндіргіш күштерде ерекше орынды жер алады. Кейбір салаларда ол еңбек заты ретінде қолданылады, басқасында – басты еңбек құралдары ретінде.

Келтірілген өндіріс факторының классификациясы мәңгі қатып қалған болып табылмайды.

Мысалы, маржинализм теориясының  топтауынша, төрт өндіріс факторы бар: жер, еңбек, капитал, кәсіпкерлік қабілеттілік.

Жер табиғи фактор ретінде қарастырылады.Бұған табиғат байлықтары, пайдалы қазбалар қоры, орман мен жыртуға жарамды жерлер  және т.б. жатады.

Капитал – бұл машина, құрал – жабдықтар, қойма, көлік және байланыс құралдары жатады.

Еңбек адамның ақыл – ой дене қызметтерін көрсетеді.Адам еңбегі әрқашанда ойланып істелінетін, мақсатқа сәйкес істелінетін, мақсатқа сай қызмет, ал жануарлар слқыр сезімге бағынып әрекет етеді.Ең нашар сәулетшінің, - деп жазды К.Маркс, ең шебер арадан артықшылығы сонда – сәулетші балауыздан ұя салмас бұрын бұл ұяны алдын – ала жобалап алады.

Кәсіпкерлік қабілет – арнайы өндіріс факторы ретінде өндірісті ұйымдастыруда ынталылықты, төзімділікті және тәуекелділікті көрсетеді.

Өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың бірлігі өндіріс әдісін құрайды. Әрбір өндіріс әдісіне өзінің экономикалық қатынастары сай келеді.

Қоғамдық өндірістің натуралды және тауарлы түрлері.

Ғылыми әдебиеттерде және оқулықтарда адамзат қоғамының  тарихында қоғамдық өндірістің екі түрі бар:

А)натуралдышаруашылық;

Б)тауарлышаруашылық;

Натуралды шаруашылық қоғамдық өндірісті ұйымдастырудың ең ертедегі түрі болып табылады. Алғашқы қауымдағы адамның еңбек құрал – саймандарының қарапайымдылығы оған өнімді тек өзінің тұтынысы үшін жасауға мүмкіндік береді.

Натуралды шаруашылық алғашқы қауымдық, құлиеленушілік және феодалдық өндірісәдістеріндебасымболады. Алғашқықауымдық құрылыстың ыдырауы кезеңіндееңбекөнімінің бір бөлігі тауарғаайналады. Бұлмал шаруашылығының егін шаруашылығынан бөлінуінен туындап, еңбекөнімділігініңөсуіне және өндірушылердегіартықөнімнің құрылуынаалып келеді. Өз кезегінде бұлолардыңарасында айырбасты тудыруға жағдай жасап, тауарөндірісінің дамуына түрткі болады. Кейініректе қол өнерінің егіншіліктен бөлінуі және сауданың оқшаулануы тұрақты айырбасқа, жеке меншіктің пайда болуына жағдай жасады.

Тауар өндірісі капиталистік өндірісәдісінде өзінің дамының жоғары түріне қолжеткізедіжәне жалпыламасипатқаие болады.

Өндірісті ұйымдастырудың натуралды түрі қазіргіжағдайдада орын алуда. Мысалы, бақшагердіңнатуралдышаруашылығы –өнімді текөзіүшін өндіру, егер өнімніңбірбөлігінсату үшін бағыттаса, онда ол ұсақ тауар өндірісіне айналады.

Қазіргі қоғамдық өндіріс –бұлдамығантауарөндірісіндегі тереңдеген еңбекбөлінісініңболуы және оның мамандануы. Еңбек бөлінісі өндірістің өсуіменбарыншакөп түрленедіжәне бөлшектене бастайды. Бұлпроцессбарлық қоғамдық өндіріс саласында, әсіресеөнеркәсіпте –өтекөрнекілікпенбайқалады.Мысал ретінде салалық және ішкі салалық мамандандыруды айтуға болады. Машина жасауды алатын болсақ, мұндағы мамандану өте кең ауқымды: энергетикалық машина жасау, көліктік машина жасау, ауылшаруашылығындағы машина жасау, Автомобиль жасау және т.б. Жеңіл өнеркәсіпте: текстиль, тоқыма, тігін өнеркәсібі және т.б. Тамақ өнеркәсібінде: нан жабу, қант, кондитерлік тағамдар, ет тағамдары, сүт тағамдары және т.б. Еңбек бөлінісі мен оның мамандануының дәрежесі тереңдесе,онда нарықтық жұмыс жасайтын кәсіпорынның тауарлық дәрежесі жоғарылайды және нарық мөлшері артады. 

Тарихитағлым көрсеткендей, тауарөндірісініңпайдаболуы төмендегідей үш жағдайда жүзеге асады:

  • Бірінші ең ірі қоғамдық еңбек бөлінісінің болуы;
  • Алғашқы тұрмыстық қауымдастық қойнауында жеке меншіктің пайда болуы;
  • Тауар өндірушілердің экономикалық оқшаулануы ( отбасының қауымдастықтан экономикалық оқшаулануы);

Тауар өндірісініңекі түрі бар: жайжәне капиталистік. Олар біртипті, себебі олардыңнегізінде өндірісқұралжабдығына дегенжеке меншік жатады және ол екеуіде өнімді сату үшін өндіреді. Соғанқарамастан олардыңөз арасында өз айырмашылықтары бар. Жайтауарөндірісіндеөнім тауарөндірушініңөзіндікеңбегімен жасалады.Мұндажұмыскүшінжалдау жоқ. Капиталистік тауарөндірісінде өнімді өндірісқұрал - жабдығыжоқ жалдамалыжұмысшыжасайды.

Сөйтіп, қазіргінарықтық қатынастар текқанакәсіпорын, шаруашылықтың жоғары тауарлық деңгейінің және тауар өндірушілердің экономикалық оқшаулануының негізінде қалыптасады, яғни еркін кәсіпкерлік пен жеке меншік арқылы деген сөз. Қазақстанда тауар өндірушілердің экономикалық оқшаулануы нарыққа көщу кезінде еркін кәсіпкерлер тобының қалыптасуын қалыптастырады.

 Қоғамдық өндірістің құрылымы

Адам қоғамның дамуы негізінен  материалдық өндіріс құрайды. Өмір сүру, оқу және жұмыс істеу үшін, адамда тамақ өнімдері, киім, тұрғын – үй және т.б. болуы қажет. Материалдық  және рухани игіліктер өндірісін  тоқтатқан болса, онда  адам қоғамы жойылып кеткен болар еді.

Материалдық өндірістер саласы – халық шаруашылығы салаларының  төмендегідей   материалдық игіліктер  өндірісі (өнеркәсіп, ауылшаруашылық, құрылыс ) және материалдық қызмет көрсету саласы бойынша (өнім қозғалысын тұтынушыға дейін қамтамасыз ететін көлік пен сауда, коммуналды шаруашылық, тұрмыстық қызмет көрсету – киімді өңдеу, тігу, тазалау және т.б.) екіге бөлінеді.


"Табыстар  дегеніміз - қаржының келуі немесе ак-тивтер құнының өсуі, не болмаса пассивтердің азаюы түріндегі есепті кезеңдегі экономикалық пайданың үлғаюы болып табылады, бүл акционерлер салымдары-ның есебінен өсуден басқа жағдайдағы капиталдың өсуіне әкеледі" (15).

   Ықшамдалған түрде бүл түсінік 1995 жылы 26 жел-тоқсандағы "Бухгалтерлік есеп туралы" заң  күші бар ҚР Президентінің 2732 Жарлығында анықталған. Жарлықтың 13-бабында былай делінген: "Табыстар - бүл есептік кезеңдегі активтердің ұлғаюы немесе міндеттемелердің азаюы" (11). Белгілі бір шығындар шығармай әдетте қажетті табыстарды алу мүмкін емес. Өз кезе-гінде, табыс алмай кәсіпорынның дамуын жүзеге асыру және әлеуметтік мәселелерді шешу мүмкін емес.

Табыстылықтың көрсеткіштер жүйесі ең алдымен қаржылық нәтижелердің абсолютті көрсеткіштерінен тұрады, олар: өнімді (жұмыс, қызметті) өткізуден алынатын табыс; жалпы табыс; негізгі қызметтен алынатын табыс; салық салынғанға дейінгі дағдылы қызметтен алынатын табыс; салық салынғаннан кейінгі дағдылы қызметтен    алынатын    табыс;    төтенше    жағдайлардан алынған табыс; кәсіпорын қызметінің соңғы қаржылық нәтижесі болып табылатын таза табыс.

Табыс жинақталған түрде шаруашылық жүргізудің нәтижесін, жанды және затқа айналған еңбектің өнімділігін көрсетеді. Оны кейбір экономистер экономикалық тиімділік көрсеткіштері қатарына жатқызса, енді біреулері оны кәсіпорын жұмысының тиімділігіне жат-қызады. Біздің ойымызша, алғашқылардың айтқаны дұрыс, өйткені табыстың абсолютті сомасы салынған қаржылардың қайтарымдылығы туралы болжауға мүмкіндік бермейді.

   Нарық жағдайында табыстың ролі айтарлықтай  арт-ты. Өзіміз білетіндей жоспарлы-директивті экономика жағдайында оның ролі төмендетілген болатын. Табыс (пайда) табу кез келген кәсіпорынның мақсатты функциясы (қызметі) ретінде төмендетілді. Нарықтық экономикаға көшумен табыс (пайда) оның, яғни кәсіпорын-ның қозғаушы күшіне айналды. Тек табыс қана өзара байланысқан үш мәселенің шешімін анықтайды: нені, қалай және кім үшін өндіру керек Табыс табу кез келген кәсіпорынның қызмет етуінің мақсаты болып қа-лыптасты, ал нарықтық экономика кәсіпорынның негізгі өндірістік және әлеуметтік дамуының көзі болып табы-лады. Бұл принцип өнімді өндірудегі шығындардың толық ақталуын және кәсіпорынның ендірістік-техникалық базасының кеңеюіне негізделеді. Бұл әр кәсіпорын өзінің ағымдағы және күрделі шығындарын өзінің мен-шікті қаржы көздерінен жабатындығын білдіреді. Уақытша қаржы тапшылығы кезінде, оларға деген қажеттілік, егер бүл ағымдағы шығындар болса, олар банктің қысқа мерзімді ссудаларымен және коммерциялық несиелерімен, сонымен қатар капитал салымдары банктің ұзақ мерзімдік несиелерімен жабылуы мүмкін. 

   Табыс есебінен, сондай-ақ кәсіпорынның бюджет алдындағы, банктер мен басқа да кәсіпорындар, ұйым-дар алдындағы міндеттемелері орындалады. Сонымен, табыс кәсіпорынның өндірістік және қаржылық қызме-тін бағалаудағы негізгі көрсеткіші болып табылады.

   Ол  оның іскерлік белсенділігі мен қаржылық тұрақтылығын сипаттайды. Табыс бойынша авансталған қаржылардың қайтарымдылық деңгейі мен осы кәсіпорынның активтеріне салынған салымдардың табыстылығы анықталады.

   Нарықтық  экономика жағдайында табыстың ролі ол атқаратын қызметтермен анықталады. ТМД елдеріндегі арнайы әдебиеттерде табыс қызметі туралы мәселе жөнінде бірыңғай пікір жоқ. Оған 2-ден 6-ға дейін қызметті жатқызады. Біздің ойымызша, ол тек екі қызмет атқарады:

  1. мемлекеттік бюджет табысының көзі;
  2. кәсіпорын   мен   бірлестіктердің   өндірістік   және әлеуметтік даму көзі.

   Функциялардың және олардың езара шарттылығындағы бірлігі, табысты шаруашылықты жүргізуші қоғамның, кәсіпорын ұжымының және әр жұмысшының экономикалық мүдделері байланысатын элементі ретінде көрсетеді. Осыдан табысты құру және бөлу (тарату) мәселелерінің маңыздылығы көрінеді, оның (тәжірибелік) шешілуі шаруашылықты жүргізуші субъектінің тиімділігінің алынған және оның иелігінде қалатын табыс көлеміне қажетті тәуелділігін қамтамасыз етеді.

   Табыс өз қызметтерін тиімді орындай алуы үшін келесідей негізгі шарттар қажет болады:

   1. Жуықтаудың  белгілі бір дәрежесінде, өнім  бағасы еңбектің  қоғамдық  қажетті   шығындарын   керсетуі   тиіс және ол сондай-ақ еңбек өнімділігінің үздіксіз өсуі мен өзіндік құнның төмендеуін ескеруі қажет.

  1. Бұйымдарды калькуляциялау және өнімнің өзіндік құнын анықгау жүйесі ғылыми негізделген болуы керек.
  2. Табысты  бөлу  (тарату)  механизмі  белсенді  рольатқаруы  керек және  өндірістің дамуы  мен  оның  тиімділігін арттыруда ынталандырушы фактор болуы тиіс.

   4. Табысты   тиімді   пайдалану   тек   қалған   барлық қаржы тұтқаларының  жүйесінде  (амортизациялық аударымдар,   қаржылық   санкциялар,   салық   салу, акциздер, 
 жал   төлемі,    дивидендтер,    пайыздық    мөлшерлемелер,арнайы    қорлар,    салымдар,    пай    (жарна)    төлемдері, инвестициялар, есеп айырысу нысандары, несие түрлері, 
 валюта   және   бағалы   қағаздар   курсы   және   т.б.)   ғана мүмкін.

Табысты тануға байланысты 2 негізгі мәселе бар:

1. Табыс  қашан (қай есепті кезеңде ) танылуы қажет

2. Қандай  сала табыс ретінде танылуға  тиісті.

 Консерватизм  қағидасына сәйкес табысты тану  қажет есепті кезең анық-ды. Осы  қағида бойынша табыс ең алғашқы  кезеңде, яғни к.о. табысты алу  мақсатында барлық әрекетті жүзеге  асырған кезде танылуға тиісті. 

 Табыстың  қандай сала мөлшерінде танылуы  қажеттігі сату қағидасына сәйкес  тьанылуға тиісті. Мысалы: компания  екінші компанияға ксерокс сатып  алу жөнінде келісімшарт  жасады. Ксероксті келесі айдың басында  жеткізіп беру келісілді. 

 Егер  келісім желтоқсан айында жасалған  болса, онда консерватизм қағидасына  сәйкес сатып алушы ұйым сатушыдан  ксерокс келіп жеткенге дейін  сатушы табыс алғандығын көрсете  алмайды. Егер аппаратты қаңтар  айында жеткізген болса , онда  табыс сомасы келесі есепті  жылы танылуға тиісті. 

 Сату  қағидасына қатысты мысал: 

 Сауда  ұйымы кондиционерлерді 30000тг сатады. Сатып алушы 30 күн ішінде шотты  төлеуге келісім береді. Сатушы  ұйым сатып алушы ұйымның төлем  қабілеттілігінің жоғары болуға  байланысты 30000 тг мөлшеріндегі табысты  танып есепке алады. 

 Қаржылық  септілік көрсеткіштері ретінде  табысты тану үшін келесі шарттардың  бірі орындалуы қажет :

1. Алынатын  табыс сомасының өте жоғары  шынайлық дәрежесінде бағалау  мүмкіндігі бар

2. Осы  іс – шарамен байланысты табыс  сомасы  алынуының мүмкіндігі  өте жоғары болған жағдайда

 Табыс  келесі операциялар нәтижесінде  алынуы мүмкін:

1. Тауарлы  – материалдық қорларды сату  нәтижесінде

2. Қызмет  көрсету нәтижесінде 

3. Активтерді  уақытша пайдалануға беру нәтижесінде

Қызмет  көрсетумен байланысты табыстар келесілер  орындалғанда танылады:

1. мәмленің  есепті кезең соңына аяқталатындығын  дәл анықтау мүмкін болғанда

2. мәмлені  жүзеге асырумен байланысты шығындарды  дәл бағалау мүмкін болған  жағдайда

     Өндіріс пен тауарды өткізуден кәсіпорынның негізгі және айналым капиталының  қозғалысын қамтамасыз ететін қаржы  ресурстары қалыптастырылады. Қаржылық көрсеткіштерге талдау жүргізгенде  қалыптасқан табыстың құрылымы мен  оның қалыптасу динамикасына көп  көңіл бөлінеді. Бұл кәсіпорынның жағдайын анықтаудың және салық арқылы мемлекеттік бюджет түсімін қамтамасыз ететін бірден бір шарасы. 

     Кәсіпорын қызметінің сәттілігін қамтамсыз ететін маңызды бір фактор ол операциялық  қызмет негізінде алынған табыс жатады. Кез келген ұйым табыс табу мақсатында құрылғады, сонда оның алатын табыс түрі де әр түрлі болып келеді. Мысалы, қызметкерлердің алып жатқан жалақысы, жалға берген мүліктен түсім, берілген несие бойынша немесе бағалы қағаздар бойынша төленетін пайыздық табыс түрлері. 

     Табыстар  өз ерекшігіне, ұйым қызметінің бағыты мен шарттарына қарай келесілерге  бөлінеді:

  1. Жай қызмет түрінен алынатын табыс;
  2. Операциондық қызметтен түсетін табыс;
  3. Өткізуден тыс қызметтен алынатын табыс түрі.

Жай қызмет түрінен алынатын табыстан басқа  өзгеше табыс түрлері басқа да түсімдер деп танылады. Өзге де табыс  түріне төтенше түсімдері де жатады.

Жай қызметтен  алынатын табыс деп қызмет көрсетумен және тауар өндірумен байланысты тауарларды сатудан түсетін табыс. Тауарлар мен құралдарын уақытша пайдалануға беру арқылы табыс алатын ұйымдардың табысы деп осы қызметтен, яғни жалға беру қызметінен түсетін түсімді айтамыз.

Жай қызметтен алынатын табысқамыналарда жатады:

  • Өзіне тиесілі актвитерді, патенттік құқықты, өндіріс схемалары мен интеллектуалды меншік түрінің басқа да құқығын уақытша пайдалануға беру қызметінен түсім;
  • Басқа ұйымдардың жарғылық капиталына салым жүргізгенде.

Операциондық  табысқа төмендегілер жатады:

  1. Ұйымның активтерін уақытша пайдалағаны үшін төлем;
  2. патенттік құқықты, өндіріс схемалары мен интеллектуалды меншік түрінің басқа да құқығын уақытша пайдалануға беру қызметі бойынша төлем;
  3. Басқа кәсіпорындардың жарғылық капиталының мүшесі бола отырып, оның бағалы қағаздары бойынша немесе пайыздар бойынша алынатын табыс;
  4. Серіктестік қызмет түрінде басқа ұйымдармен біріккен қызмет атқару арқылы алынатын түсім (жай серіктестік келісім шарты негізінде);
  5. Негізгі құралдарды, өзге де активтерді, тауарлар мен өнімдерді сатудан түсетін түсімдер;
  6. Кәіспорынның бос ақша қаражаттарын уақытша пайдалануға беруден және сол қаржы бойынша төленетін пайыздық қойылымдар (яғни банк шоттарындағы ақша салымдары).

Төтенше табыстар деп: шаруашылық қызметтің  әр түрлі төтенше жағдай кезінде  туындайтын табыстар (авария, өрт, табиғи апат, нациоландыру және т.б.); сақтандыру төлемдері, материалдық активтердің қолданысқа келмейтініне байланысты құрылған қор негізінде жабу.

Жалпы салық салынатын табыс ретінде  былай болып бөлінеді:

  • Тауарларды, мүлікті және мүліктік құқықты сатудан түскен қаражаттар;
  • Өткізуге байданысты емес түсімдер.

Енді  осы табыс түрлерін кесте түрінде  көрсетуге болады. (кесте 1.1.)

Кесте 1.1. Табыс құрылымы

Табыстар  түрі

Кәсіпорын табыстарының құрылымы

А

Б

1. тауарларды (жұмыс, қызмет) және мүліктерді сатудан алынатын табыс 

Бұл кезде табыс  деп тауарларды (жұмыс, қызмет) және мүлік пен мүліктік құқықты (бағалы қағаздар) сатудан алынған түсім  танылады.

2. Өткізуге байланысты емес түсімдер

  - басқа ұйымдарға үлестік қатысудан; 

  -  шетелдік валюталарды сату және сатып алудан (бұл кезде келісім шарт жасалынған күнгі Ұлттық Банктің бағамы есепке алынады);

-      келесімшарттарда көрсетілген міндеттемелерін орындауға байланысты түсімдер (пеня, санкция түрінде);

-      мүлікті жалға беруден;

-      интелектуалдық меншікті пайдалануға беруден түсетін түсім;

-      келісімшарттық займ, несие мен банктік шоттан алынатын табыс;

-      қалыптастырылған резервтер (шығындар құрамында көрсетілген қаражаттан қалыптастырылса);

-    Тегін берілген мүліктер мен меншік құқығы;

-      салық кезеңі кезінде анықталған өткен жылдың табысы;

-  құны шетелдік валютада көрсетілген мүлік пен міндеттемелерді қайта бағалау кезінде болған оң бағамы;

-      мүліктерді қайта бағалау кезінде табылған оң нәтиже;

-      тозығы жеткен және сынған материалдар негізгі құралды бүзудан алынған бөліктернің құны;

Қайырымдылқ қордан алынған тауарлар, қызмет көрсетулер мен тегін берілетін өнімдер;

-      бұрын уақыт өтуіне қарай қайтарылмай қалған кредиторлық қарыздың сомасы;

-      мерзімді шарт негізінде қаржы құралдарымен жасалынған операциялар бойынша табыс;

 - түгендеу нәтижесінде анықталған тауарлы материалдық қорлардың артықшылығы.

3.Төтенше  табысы

 -  апат, табиғи апат, өрт, соғыс кезінде көмек ретінде келіп түскен түсімдер; 

 -  сақтандыру төлемдері;

 - істен шыққан активтер бойынша қордан ақша аудару.




Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив