ФИЛОСОФИЯ - ҒҰЛАМА-ҰЛАҒАТ
ФИЛОСОФИЯ - ҒҰЛАМА - ҰЛАҒАТ

Философия (кейде "Пәлсапа", грек.φιλοσοφία, philosophia, мағынасы: Даналықты сүю[1][2][3]) — жалпы және фундаменталды сауалдар туралы зерттеу болып, ол болмыс, болу, білім, құндылық, ақыл, зерде және тіл секілді өзекті проблемаларға бағытталады.[4][5] Мұндай сауалдар көбінесе зерттелуді, немесе шешілуді күткен проблемалар[6][7] ретінде ортаға қойылады. "Философия" термині алғаш Пифагордан (бзд. 570 - 495 жж) басталған болуы мүмкін. Философиялық әдістергесауал, сыни пікірталас, ақылды аргумент және жүйелі пайымдау қатарлылар жатады.[8][9][10]
Классикалық философия сұрақтарына жататындар: "Әлденені білу мүмкін бе?", ал егер мүмкін болса, онда "мұны дәлелдей аламыз ба?"[11][12][13]Философтар сондай-ақ аса практикалық және нақты сұрақтарды да қоя береді: "Өмір сүрудің ең жақсы жолы бар ма?", "әділеттілік жазаланбайтын әділетсіздіктен жақсы ма?",[14] "Адамда еркін ерік бар ма??'[15]
Тарихта философия барлық білім жүйелерін қамтыды.[16] Ежелгі грек философы Аристотельден бастап ХІХғ-ға дейін "табиғат философиясы" астрономияны, медицинаны және физиканы қамтыды. Мысалы, Исаак Ньютонның 1687 жылғы "Табиғат философиясының математикалық қағидалары" атты кітабы кейін физика кітабы ретінде жіктелді.
ХІХғ-дан бастап заманауи зерттеу университеттерінің дамуы академиялық философияның және басқа пәндердің кәсібиленуіне және арнаулылануына әкелді.[17][18] Қазіргі заманда, философияның дәстүрлі бөлігі болған кейбір зерттеулер философиядан бөлініп, жеке академиялық пәнге айналды, олардың ішінде психология, әлеуметтану, лингвистика және экономика қатарлы негізгі пәндер бар. Өнермен, ғылыммен, саясатпен, немесе өзге талпыныстармен тығыз байланысты басқа зерттеу салалары әлі де философияның тармақтары болып отыр. Мысалы, "сұлулық объективті ме, әлде субъективті ме?"[19][20], "Ғылыми әдістердің түрі көп пе, әлде тек біреу ғана ма?"[21], "Саяси утопия - ол үміткер арман ба, әлде үмітсіз құрқиял ма?"[22][23][24] қатарлылар.
Академиялық философияның басты тармақтары: 1) Метафизика, ол болу (existence) мен шындықтың (reality) негізгі табиғатын қарастырады; 2) Эпистемология, ол білім мен сенімнің табиғатын зерттейді; 3) Этика, ол моральдық құндылықтарды қарастырады; 4) Логика, ол аргументтерді, шын алғышарттан дұрыс қорытынды шығаруға мүмкіндік беретін тұжырым ережелерін зерттейді.[25][26] Бұлардан басқа тармақтары: ғылым философиясы, саяси философия, эстетика, тіл философиясы және сана философиясы қатарлылар.
Философияның дәстүрлі аясы мен мағынасы[өңдеу]
Алғашында "философия" термині кез-келген білімнің жиынтығына қатысты болды. Бұл тұрғыда философия дін, математика, жаратылыстану, білім және саясат қатарлылармен тығыз байланысты болды. Ньютонның "Табиғат философиясының математикалық қағидалары" (1687) кітабы ХХІғ-да физика кітабы ретінде жіктелсе, кезінде философиялық кітап ретінде танылып, мұндағы "табиғат философиясы" (кейде натурфилософия) термині сол замандағы астрономия, медицина және физика секілді пәндерді қамтыды.
Академия 1-дің бірінші бөлімінде, Цицерон философияны логика, физика және этика сынды үш бөлімге бөліп, Эпикурдың өз ілімін канон, физика және этика қатарлыларға бөлуіне еліктеді.
ІІІ ғ-да өмір сүрген биограф, тұңғыш философия тарихшысы Диоген Лаэртс "Ұлы философтардың өмірі, ілімдері және нақылдары" кітабының 13-ші бөлімінде Философиялық ізденістерді дәстүрлі түрде үш бөлікке бөлді:
- Табиғат философиясы (яғни физика, грек.ta physika, "табиғатқа қатысты") - физикалық әлемдегі трансформацияның құрылымы мен процессін зерттейтін ғылым;
- Морал философиясы (яғни этика, грек.êthika "мінезге, бейім, әдепке қатысты") - жақсылықты, дұрыс пен бұрысты, әділеттілік пен ізгілікті зерттейді;
- Метафизикалық философия (яғни логика, грек.logikós, "ақылға, сөйлеуге қатысты") - болмыс, себептілік, Тәңір, логика, формалар және басқа абстракт объектілерді, зерттейді. (мета та физика, 'физикадан' кейін) зерттейді. (грек.Meta ta physika - "Физиканың кейінінде")
Философияны мұндай бөлу ескірген жоқ, тек өзгерді:
- Табиғат философиясы - әртүрлі жаратылыстану ғылымдарына, әсіресе физика, астрономия, химия, биология және космологияға бөлінді;
- Морал философиясы - әлеуметтік ғылымдарды туғызды, сондай-аө құндылықтар теориясын қамтыды (мысалы, этика, эстетика, саяси философия және тб.);
- Метафизикалық философия - логика, математика және ғылым философиясы секілді формалды ғылымдарға жол берді, әрі эпистемология, космология және тб.-ларды әлі де қамтиды.
Тарихына шолу[өңдеу]
Жалпы мағынада, философия даналықпен, интеллектуалды мәдениетпен және білім ізденумен байланысты. Бұл тұрғыда, барлық мәдениеттер мен сауатты қоғамдар "біз қалай өмір сүрудеміз" және "шындықтың табиғаты қандай" секілді философиялық сұрақтар қояды. Демек, барлық әлемдік өркениеттердегішындық, адамгершілік және ғұмыр секілді фундаменталды мәселелердің негізіне сұрау салу философияның кең әрі әділ тұжырымдамасы болмақ.[30]
Түркі-қазақ философиясы[өңдеу]
Толық мақаласы: Тұтас қазақ философиясы
Кейбіреулер қазақта Аристотель, Декарт, Кант секілді философиялық жүйе құрған ойшылдар болмаған соң, философияның болғаны да күмәнді деп есептейді. Дегенмен, бұл түрдегі идеялармен басыбүтін келісе салуға болмайды. Өйткені философия біреудің біреуге ұқсауына негізделген біртұтас бірдей нәрсе емес. Өркениеттік, этностық, дәуірлік ерекшеліктер ғана емес, тұлғалық ерекшеліктер де философияның әр философта әртүрлі болуын белгілеген. Сосын Академиялық философтарды ғана философ санап, ақынжанды философтарды, еркін ойларды, әртүрлі мәтіндердегі философиялық тұжырымдарды философияға жатқызбау үлкен қателік болар еді. Түркі-қазақ тарихында бұл екі түрлі философияның екеуі де болған.
Қазақ халқының жоғарғы кісілік философиялық мәдениетіне мән беріп, назар аударған ғалымдардың көбісі халықтың дәстүрлі дүниетанымында "көркем образдар" ғаламы үстемдік ететінін байқайды. Шыныменде, қазақтар әлемді ұғымдық мағынада шегелеп көрсетуден гөрі, көркем бейнелермен астарлап өрнектегенді қалап келген халықтардың қатарына жатады. Оның бұл ерекшелігі оның кемшілігі болып есептелмейді, керісінше, ақынжанды халықтың арманшылдығын, аңқаулығын, ақкөңілділігін және даналығын білдіреді. Дегенмен сан ғасырлар бойы ділге әсер еткен ауыр психологиялық соққылар мен саяси қыспақтар бұл ерекшелікті біршама көміскілеп, тұмшалап тастағаны байқалады.[31]
Қазақ қазақ болғанға дейінгі философия және Қазақ қазақ болғаннан кейінгі философия деп бөлу - қазақ тарихындағы философия дәстүрін түсінуге мүмкіндік береді. Түркі халқының ажалға қарсы өміршеңдік пен жауынгерлік даңқын дәріптеген гуманист ойшыл Қорқыт ата,[32], Көктүріктердің мемлекет құру даналығы мен ерік-жігерін тасқа қашап жазған Тоныкөк,[33], әйгілі Ырық бітік, Оғызнама шығармалары, сондай-ақ "Құтадғу білік" авторы Жүсіп Баласағұни, перипатетик Әл-Фараби, жыраулар Сыпыра жырау, Асан қайғы, Доспамбет, Бұқар, Шипагерлік баян кітабының авторы Өтейбойдақ, сондай-ақ Абай және Шәкәрім қатарлы ойшыл дана тұлғалар бір арқауға тұтасқан түркі-қазақ философия мәдениетінің тарихи нұсқаларын жасаушы бірегей философтар және философиялық туындылар есептеледі.
Қазақ философиясы төрт негізгі кезеңнен тұрады:
- Мифтік кезең даналығы - мифтер, мақал-мәтелдер, көне дәстүрлер (V ғ дейін)
- Көне түркілер философиясы – мысалы, Қорқыт ата, Тоныкөк, Әл-Фараби, Баласағұни, Яссауи, тб. (V-ХV ғғ)
- Қазақ хандығы философиясы – Өтейбойдақ, Асан қайғы, Доспамбет, Бұқар. тб. (ХV-ХІХ ғғ)
- Қазақстан философиясы (ол Кеңестік және Тәуелсіз деп екі кезеңге бөлінеді) – мысалы, Абай, Шәкәрім, тб. (ХІХғ бері)
Мифтік кезең философиясы[өңдеу]
Толық мақаласы: Арғықазақ философиясы
Тамғалы петроглифтеріндегі мифтік бейнелер
Мифтік сана мен дәстүр қазіргі заманға дейін жалғасқан болса да, бірақ арнайы мифтік кезең деп мына екі кезеңді айтуға болады:
- Тұран-Алтай дәуірі (арғықазақ кезеңі, жыл санаудан бұрынғы кезеңдер);
- Ғұндар дәуірі (бзд. ІІ - Vғғ).
Өзінің рухани тарихында мифологиялық кезеңнен өтпеген халық жоқ. Сондықтан қазақ философиясының терең қатпарларын анықтау үшін мифологияға назар аударуға тиістіміз.[31]Түркі қазақ мифологиясына тән басты сипат – табиғатты тірі рух түрінде қабылдап, құрметтеу.[34]
Көне түркілерде Тәңірлік үштік дүниетаным болған, ол "Тәңір - Кісі - Жер" деген жалпы үштік құрылымы:
- Teŋіri > Тәңірі,
- Kisi oγulï > Кісіұлы,
- Jer > Жер[35]
Тәңірі атауы оның болмысы мен шынайы табиғаты көшпелілерде "иудаизм, зороастризм, манихеизм, буддизм, христиан, ислам секілділерден бұрын қалыптасты деп батыл айтуға болады. Бұдан Тәңірі - барлық діндарлардың атасы болды деген ойдан аулақпыз. Керісінше, Тәңірі атауын көшпелілердің "құдайы, алласы, буддасы, исусы" болдырған, солай атап кеткен діни туындылар, тарихи миссионерлік фактілер баршылық.
Тәңірі – субстанциялық ұғым. Ол тотемизмдік, фетишизмдік, мифологиялық ұғым емес. Түріктердің түсінігінде Тәңірі - "көк аспан кеңістігінің, шаңырақтай үстіміздегі әлемнің, дөңгелек, жарық жоғарғы күмбездің" иесі. Бір сөзбен айтқанда , Тәңірі деген жерге қарама-қарсы мағынада көк аспан кеңістігі делінетін барша әлемді қамтитын Құдірет, ғаламның иесі, баршаның ең арғы түпнұсқа негізі дегендік.
Jer - Жер - "Тәңірі - Кісіұлы - Жер» үш қырының екінші қыры. Жер – көшпенділердің киелі де қасиетті ұғымы. "Türük ïduq jeri subï" - "Түрік ұйық жер суы". "Жер ана, Жерұйық" деген атаулардың барлығы осы киелі атаумен байланысты.
Kisi oγulï > кісі ұлы. Көне түріктерде "адамзат", яғни адам атаулылар. "Тәңірі- Кісіұлы - Жер" үш қырының үшінші қыры. Демек осы үштік құрылым негізінде түрік қоғамының саяси құрылымы мен билік жүйелері реттелген.[36]
Алтайдан шыққан скиф аттысы, Пазырық мәдениеті, б.з.д. 300ж
Көк Тәңірі, Жер-Су мен Ұмай анадан басқа, түркі халықтарының арғы Ата-тек туралы түсініктері тарихтың алыс қойнауларында қалыптаса бастаған. Көкбөрі жаугершілік және бостандық үшін күрес заманында қайсарлыққа шақырған рәміздік рөл атқарған. Тотемдік ілкі тек адам мен табиғаттың ішкі тұтастығын білдіретін маңызды дүниетанымдық түйнекке жатады.[31]
Көкбөрі Көк Тәңірімен байланыста түсіндіріледі. Ол – Тәңірі жердегі пендені құтқару үшін жіберген киелі аң болып қабылданады. Х ғасыр ескерткіші болып саналатын «Оғыз қаған» эпосындағы мифологиялық желі – Оғызды жорыққа көк бөрінің бастап жүруі. Эпос оқиғасына тоқталсақ, ұйықтап жатқан батырдың шатырына көктен нұр сәуле түседі. Сол көкшіл сөуледен көк жалды арлан каскыр шығып, Оғыз кағанға тіл қатады:
«О, Оғыз! Сен Үрімге аттанып барасың,
О, Оғыз! Мен сені бастап жүрейін”.[37]
Сондай-ақ, ошақ бақыт пен бақтың көрсеткіші, зұлымдықтың қарсыласы ретінде барлық түркі халықтарында қастерленді. Қазақтың киіз үйінде ошақпен қатар, табалдырық та қасиетті деп саналады. Оған отыруға немесе керуге болмайтын еді, өйткені онда үйді қорғайтын есіктің иесі орналасады. Ол да бүл ғұрыптан тайғандарды зұлым рухтарды немесе ауруларды жіберу арқылы жазалай алады.[38]
Ғалым, фольклортанушы Б.Абылқасымов қазақтың көне наным-сенімдеріне байланысты ғұрыптық фольклорына ырым, арбау өлеңдері, бәдік, бақсы сарындарын жатқыза келе, бұл аталғандарды (ырымнан басқасын) “магиялық поэзия” деп айтады. “Магиялық поэзия – әр түрлі құбылыстарға табиғаттан тыс күштер арқылы әсер етуге болады дейтін наным-сенімнен туған сиқырлау, дуалау мақсатымен айтылатын ғұрып өлеңдері”.[39]
Түркілер дүниетанымындағы ғажайып мекен қазақ әпсаналарында "Жерұйық", "Өтүкен", "Үш қиян", "Сарыарқа", "Жиделі-Байсын" сипатында көрініс береді. Бұл мекендер құтты қоныс болумен қатар, елдікті, егемендікті, киелілікті танытатын символдық атауларға айналған. Жерұйық ұғымына түркілік танымдағы тәуелсіздік тығыз байланыстырылады. Рух мәңгі тұрақ табар мекен, яғни адамзат баласы үшін мәңгілік тұрақ мифтік танымда ғажайып мекен ретінде сипатталады. Сондықтан да оның нақты қай жерде орналасқандығы белгісіз. Адам баласы өзінің тірлігінде осы мекенді іздеп, соны бір көруді аңсаумен жүреді. Өмірдің бастауы, қайнар көзі – жердің кіндігі осы Жерұйықта деген сенім адамзатқа ортақ мәңгілік өмірдің нысаны болып табылатын Әлем ағашының орналасқан орны да сонда деген баянға жалғасады.[34]
Әлем ағашы түркі мифологиясы мотивтерінен қазақ фольклорына Бәйтерек түрінде келді. Ол – мәңгілік өмірдің бастауы және кепілі. Шекті мен шексіздің, жарық пен қараңғылықтың, фәни мен бақидың, аспан мен жердің, тірі мен өлінің, тылсым мен тірліктің құдыретті де киелі дәнекері.[40]
Көне түркілер философиясы[өңдеу]
Толық мақаласы: Көне түркілер философиясы
Көне түркілер философиясы - XVғ-дағы Қазақ хандығы құрылғанға дейінгі Орталық Азиятүркі тілді халықтарының философия дәстүрін көрсетеді. Ол мына екі кезеңді қамтиды:
- Түрік қағанаттары дәуірі (V – ХІІ ғғ);
- Моңғол империясы дәуірі (ХІІ-ХVғғ).
Түркі филсофиясында аса ықпалды ойшылдар ретінде Қорқыт ата, Тоныкөк, Әл-Фараби, Ясауи, Жүсіп Баласағұни қатарлы тұлғаларды айтуға болады.
Ғалымдар ұсынған көне түркілер философиясының кейбір ерекшеліктері:[41]
- — Батыс пен Шығыс мәдениеттерін жалғау;
- — уақыт циклдік (айналмалы) сипатта болды;
- — синкретизм;
- — ұжымдық-халықтық сана;
- — Тәңіршілдік алдыңғы орында тұрғанымен, тарихынан зороастризмнің де, буддизмнің де, манихейліктің де іздері байқалады; Қатаң монотеистік ислам дінінің өзі бұл аймақта таза ортодоксалды күйінде тарала қоймады.
- — көбіне университеттік академиялық типте емес, поэтикалық еркін ой типінде эпикалық дастандарда, көркем прозада, даналық және өсиет кітаптарында, поэзия мен фольклорда бой көрсетеді;
- — табиғатпен үндестік, натурфилософиялық сипаттың басымдығы.
Қазақ хандығы философиясы
Жырау әрі батыр Махамбет
Толық мақаласы: Қазақ хандығы философисы
Қазақ хандығы дәуіріндегі философия үш үлкен салада айқын көрінеді, бірі жыраулар жырында, екіншісі би-шешендердің тапқыр нақыл сөздерінде, үшіншісі авторы ұмытылған ауыз әдебиеті мен мақал-мәтелдерде. Асан қайғыдан басталған жыраулық дәстүр соңғы Махамбетке дейінгі 400 жылдық оқиғаларды басып өтті. Мейлі жыраулар болсын, мейлі би-шешендер болсын, Қазақ хандығының саяси, әлеуметтік және әскери істеріндегі түрлі маңызды мәселелерді шешуге тіке қатысып отырған. Сондықтан, жыраулар жыры мен би-шешендердің нақыл сөздерінде өте жоғары деңгейдегі елдік сана, тәуелсіздік, ерлік, адамгершілік, туған жерге, елге деген сүйіспеншілік, батырлық рух толық бейнеленген. Олар рухы асқақ, ойлары өткір, табиғаты жарқын жандар болғаны олардың шығармаларынан айқын аңғарылады. Бұл олар мен кейінгі зарзаман ақындарының толғаулары мүлде кереғары сарынға құрылғанын білдіреді.[42] Жыраулар мен би-шешендер жай ойшыл, шешен, ақын ғана емес, сонымен бірге ержүрек қолбасы, қоғам қайраткері, мемлекеттік тұлғалар болды.
Бұл дәуірдің маңызды ойшылдары ретінде Сыпыра жыраудың дәстүрін жалғастырған Асан қайғы, Қазтуған, Доспамбет, Ақтамберді, Шалкиз, Үмбетай, Бұқар және Махамбет қатарлы жырауларды,[43] сондай-ақ Майқы би, Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би секілді би-шешендерді[44] айтуға болады.
Ғалым-жазушы М. Мағауиннің жазуынша: "Қазақ халқының жалпы түркілік ортақ этнос құрамынан бөлініп, дербес Орда құрған хандық заманы төрт ғасырға жуық ұзақ дәуірге созылды". Ол тағы бірде "ХV–ХVІІІ ғасырларда жасалған әдебиет ел мүддесін, жұрт мұратын бірінші орынға қойды. Өзіндік түр тауып, айқын ұлттық сипатта қалыптасты. Алаштың жайсаң жанын, өр рухын бедерлей таңбалап, келер ұрпақ үшін ешқашан ескірмес үлгілер тудырды. Көркемдік танымның асқар биігіне көтеріліп, әлемдік өредегі ұлы шығармалар қалдырды", - дейді.[45]
Қазақстан философиясы[өңдеу]
Абай бюсті
Толық мақаласы: Қазақстан философиясы
Кенесары ханның Қазақ хандығын сақтап қала алмаған соңғы сәтсіздігінен кейін Ресейге отар елдің территориялық және этностық тұрғыда Қазақстан болып қалыптасуы және соңында тәуелсіздік алып, егеменді ел құруы қазақ философиясының да сол оқиғаларға қатысты кезеңдерді бастан кешуін белгіледі.
Абай Құнанбайұлы ойшыл ақын ретінде Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин қатарлы зиялылармен бірге Қазақ болмысын және әлемді қайта зерделеп, жаңа дәуірде бодан елге жаңа шығар жол іздеген бірегей тұлға болды. Бұл үшеуі де мәлім деңгейде қазақы мәдениеттің "сыртына шығып", биіктен өзіне және өзгеге қарай алды. Олар Зарзаман ақындарынан өзгеше түрде орыс мәдениетімен жете таныс болып, әлемде не болып жатқанын, өнеркәсіп төңкерісін негіз еткен прогресс кімдерді биікке шығарып, кімдер артта қалып қалғанын анық түсінді. Сондықтан олардың даналығы ағартушылдық бағытта болды, әрі ұстанымдары көбіне ашық әрі қатал түрде сыни (Critic) болып келеді.
Т. Рысқалиевтің айтуынша, Абайдың сол кездің өзінде-ақ терең ойды алға тарта білуі – таңғаларлық жайт. «Терең ой, терең ғылым іздемейді», «Ынсап, ұят, терең ой, ойлаған жан жоқ, жауып қой»; «Малда да бар жан мен тән, ақыл, сезім болмаса, тіршіліктің несі сән, тереңге бет қоймаса», «Терең ойдың телміріп, соңына ермей», адамның ісі бітер ме? – дейді Абай.[46]
Ж. Молдабеков Абай даналығының тағы бір ерекшелігі ретінде оның жан дүниесіндегі жаңаруға ұмтылысын атайды: "Абай ұлылығы – оның тұлғалық даралығында, өмірге деген рухани-әлеуметтік жауапкершілігінде, адам болмысында үлкен қозғалыс тудырар өнерінде. Ал ұлылық жаңару жетістігінде екені мәлім. Әйтсе де жаңару ұмтылыс серпілісінен басталатынын ескерген абзал. Онсыз тарихтың да, тұлғаның да тағылымын түсіну екіталай." [47]
Ғұлама (араб.: علماء — ғұлама́, жекеше — араб.: عالم — әлім-қаз.ғалым; қаз.«білгірлер», «даналар») – білімді, оқымысты ғалымдар-әлімдер, асқан ақыл-ой иелері. Ислам дінінің таралуына орай қазақ халқы Құран Кәрімніңаяттарын, шариғат пен хадис талаптарын жатқа білетін әрі мұсылманшылықтың этикалық-құқықтық қағидаларын жетік меңгерген адамдарды осылай атаған.[1] Ғұлама(лар) медресе-мешіттердегі рухани лауазым иелері – мұхаддис, факих, мұтақалим, дамолла, т.б. тәрізді шәкірт тәрбиелеп, ел құрметіне бөленген. Сондықтан қазақ халқының дәстүрлі ұғымында ғұламалар ғылым-білім игеруге құштарлықтың, рухани тазалықтың, ұлағаттылық пен кемелдіктің иелері. Өз заманынан оза ой айтып, құнды әдеби-ғылыми мұралар қалдырған, сол арқылы ұлт мәдениетінің кемелденуіне үлес қосқан кемеңгер тұлғаларды (мысалы, әл-Фараби, Абай, Қ.И.Сәтбаев, т.б.) да құрметтеп, ғұлама деп атайды.
Ұлағат - өнегелі адамдардың ұрпаққа көрсететін үлгісі. Өнеге адамдардың тәлім-тәрбиелілігі, үлгілілігі, саналылығы ережелерінің жиынтығы ретінде көрінеді. Ұрпаққа өнеге көрсететін иманды, зерделі, инабатты кісілерден адамдар жақсылық пен қайырымдылықты, адамгершілік пен ізеттілікті үйреніп, оны өздеріне үлгі тұтады. Дәстүрлі қазақ қоғамындағы ұлттық өнеге көріністері адамның бойында кісілік, инабаттылық, парасаттылық секілді асыл қасиеттердің қалыптасуына игі әсер ететін ұлттық тәлім-тәрбиенің қайнар көзі болып саналады.