Дамытушылық бағытындағы көркем еңбек, музыка, дене шынықтыру пәндері бірлестігінің шығармашылық онкүндігінің қорытынды есебі. » Өскемен қаласы әкімдігінің "N49 жалпы білім беретін мектебі"
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
"N49 жалпы білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7232) 51-20-29
Есепші бөлімі:
+7(7232) 51-20-29
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Дамытушылық бағытындағы көркем еңбек, музыка, дене шынықтыру пәндері бірлестігінің шығармашылық онкүндігінің қорытынды есебі. http://49-oskemen.mektebi.kz/uploads/posts/2020-12/1609042348_499.jpg
01
февраль
2021

Дамытушылық бағытындағы көркем еңбек, музыка, дене шынықтыру пәндері бірлестігінің шығармашылық онкүндігінің қорытынды есебі.

Дамытушылық бағытындағы көркем еңбек, музыка, дене шынықтыру пәндері бірлестігінің шығармашылық онкүндігінің қорытынды есебі.

Мақсаты

Салауатты өмір салты, спорттың әр түріне қызығушылықты ояту арқылы оқушылардың денсаулығын сақтау және білімді,өнерлі,шебер, еңбекқор ұрпақ қалыптастыру.

Міндеті

Пән мұғалімдерінің жұмыс жүйесін бақылау, жинақтау, іс – тәжірибелерін талдап, саралау. Сабақ беру тәсілдерін, шеберліктерін тексеру.

Анықталған деректер

Пән онкүндігінің  барысында мұғалімдер сабақта жаңа технологиялардың әдіс-тәсілдерін жетік меңгергендігі, ақпараттық коммуникативтік технологияларды жақсы пайдалана білді. Жаңарылған білім мазмұны бойынша, үш тілділік және Рухани жаңғырудың жеті қырын сабақтарында өте жақсы қолдана білді.

Талдау

12 қаңтар күні «Ұлт болашағы өнерлі ұрпақта» атты дене шынықтыру, көркем еңбек,музыка пәндер онкүндігінің ашылу салтанаты болды. Онкүндіктің ашылу рәсімі бейнежазба ретінде көрсетілді.

14 қаңтар күні музыка пәнінен  Болат Ерлан 3«Б» сыныбында «Музыка және поэзия» тақырыбында, дене шынықтыру пәні мұғалімі Капашев Алмас 5«Е» сыныбында «Шаңғы қозғалыс техникасының элементтерін үйрену» тақырыбында ашық сабақтар өткізді. Болат Ерланның  сабақ құрылымы өте жақсы. Сабақты үш тілде аспаппен ән айтып амандасудан бастады және сол арқылы оқушыларға жағымды психологиялық ахуал жасады. Жаңа сабақты мұғалім слайд арқылы түсіндірді. Бейнежазбаны  көрсетіп,сабаққа қажетті ақпараттарды түсіндірді. Білім алушылар берілген тапсырмаларды өте жақсы орындады.   Бағалау әр тапсырма бойынша белгіленіп, әр тапсырма бойынша кері байланыс жасалып отырды. Сабақ соңында сәтті өтті, нені жақсы меңгерді, нені түсінбегені жөнінде кері байланыс жасалды. Сабақ  жақсы деңгейде өтті. 

 Капашев Алмас дене шынықтыру пәнінен 5«Е»  сынып оқушыларымен  «Шаңғы қозғалыс техникасының элементтерін үйрену» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ жоспары қысқа мерзімде жазылған. Сабақтың құрылымы  жақсы жасалған. Дене қыздыру жаттығларын жасатып, дем басу уақытында өткен сабақтардан талқылауға арналған сұрақтар қою арқылы жаңа сабақты мақсатын айтты. Командалық көшбасшылықты қолдана отырып шаңғы тебу әдістерін тиімді үйрете білді. Сабақта әр түрлі әдіс – тәсілдерді қолдану арқылы қызықтыра алды. Мұғалім сабақты қорытындылап, шапалақ және бас бармақ әдісі арқылы бағалап отырды. Сабақта оқушылар белсене қатысып, сабақ  жақсы өтті.

15 қаңтар  күні Кусайнов Еркин  6 «Г»     сыныпқа дене шынықтыру пәнінен  «Ойын техникасының дағдысын дамыту.Волейбол» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ құрылымы  жақсы. Мұғалім сабақ барысында слайдтар көрсетті.

Оқушылар сабақтың тақырыбымен және мақсатымен танысып, сұрақтарға жауап берді.  Волейбол  ойынында допты беру, лақтыру,қағып алу және соғып жүру әдістерін слайд арқылы көрсетті. Сабақта оқушылар өте белсенді болды. Берілген суреттер бойынша өз ойларын ортаға салды.Сабақ соңында кері байланыс жасалып оқушылар сұрақтарға жауап беріп бағаланды.


 5 «Г»     сыныбында көркем еңбек пәні мұғалімі Тежибаева Гулназ «Материалдардың түрлері мен ерекшеліктерін зерттеу» тақырыбында ашық сабақ өткізді.Сабақ құрылымы жақсы.Мұғалім сабақта тоқыма талшықтары туралы, талшықтардың жіктелуі және ерекшеліктері туралы презентация көрсетті.Сабақ барысында сұрақ жауап әдісін қолданды.Оқушылар сабаққа белсене қатысты.Сабақ соңында кері байланыс жасалып бағаланды.

Жас маман Слямбеков Айбол  4 «А»     сыныбында дене шынықтыру пәнінен     «Қазақтың ұлттық ойындары» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

Сабақ құрылымы талапқа сай жасалған.Сабақтың әр бөлімі сақталған.Мұғалім сабақта дене жаттығуларын өзі орындап жасаған бейнежазба көрсетті.Сұрақтар қою арқылы жаңа сабақ тақырыбын ашты.Асық ату ойыны туралы слайд бейнежазба көрсетіліп қауіпсіздік ережелері айтылды.Сабақ соңында оқушылар сабақта не түсінгендері туралы өз ойларын айтты.Сабақ жақсы деңгейде өтті.

18 қаңтар  күні Кабаев Азамат  6 «Д»  сыныбында дене шынықтыру пәнінен  «Шаңғы спорты.Бір мезгілде бір адымды жүру әдісі» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ құрылымы  жақсы.     Сабақтың негізгі бөлімін мұғалім өз бейнежазбасы арқылы өткізді.Өткен тақырыппен жаңа сабақты ұштастыруда сұрақтар жақсы жасалған. Мұғалім жаңа сабақта шаңғы спорты және бір мезгілде бір адымды жүру  әдістерін слайд арқылы түсіндірді. Жаңа сабақта оқушылар шаңғы спорты және бір мезгілде бір адымды жүру  әдістерін     білді және қауіпсіздік ережелерімен танысты.Ауызша сұрақтармен жұмыс жүргізді. Кері байланыс жасап, оқушыларды бағалады. Сабақ  жақсы деңгейде өтті. 

19 қаңтар  күні Нағашыбаев Ернар  6 «В»  сыныбында  көркем еңбек пәнінен  «Электрлік және қол еңбегі құралдары мен жабдықтары» тақырыбында ашық сабақ өткізді. 5 «А» және 5 «Д»  да көркем еңбек пәнінен  Болатбекова Айжанар мен Каирбаева Жанат «Тоқыма материалдарын өңдеуге арналған құрал жабдықтар мен құрылғылар» тақырыбында ашық сабақтар өткізді.Аталған пәндер бойынша пән мұғалімдерінің сабақтары өте жақсы өткізілді. 6 «В»     сыныбындағы көркем еңбек сабағын мұғалім ватсап желісімен өткізді.Сабақ құрылымы талапқа сай құрылған.Мұғалім сабақ барысында слайдтар мен бейнежазбалар көрсету арқылы оқушылардың қызығушылықтарын арттырды. Оқушылар сабаққа өте белсенді қатысты.Сұрақ жауап, бір бірін толықтыру әдістері көрсетілді.Сабақ соңында кері байланыс жасалып оқушылар бағаланды.

5 «А» сыныбында көркем еңбек пәнінен  Болатбекова Айжанардың сабағы да жақсы деңгейде өтті. Сабақ құрылымы жақсы.Мұғалім сабақта тоқыма материалдарын өңдеуге арналған құрал жабдықтар мен құрылғылар  туралы презентация көрсетті. Тігін машинасының тарихымен, түрлерімен  және қауіпсіздік ережелерімен танысты. Оқушылар оқулықтағы негізгі тақырыппен таныса отырып термин сөздерді жұмыс дәптерлеріне жазды.Сабақ барысында сұрақ жауап әдісі,сөзжұмбақ шешу қолданды.Оқушылар сабаққа белсене қатысып сабақ соңында кері байланыс жасалып бағаланды. 5 «Д»     сыныбында көркем еңбек пәнінен     Каирбаева Жанат ашық сабағын zoom платформасында өткізді.Сабақ құрылымы дұрыс жасалған.Сабақтың өн бойында сөзжұмбақ,жұмбақтар шешу, «Заттарды табу», «Заттарды себеттерге бөліп сал»  ойын түрлері қолданылды.Оқушылар сабаққа белсене қатысты. Сабақ соңында кері байланыс жасалып оқушылар бағаланды.

20 қаңтар күні дене шынықтыру пәнінен 5 «Г» сыныбында Оралбеков Дидар «Қозғалыс техникасының элементтерін үйрету.Шаңғы таңдау» тақырыбында ашық сабағын zoom платформасында өткізді. Сабақ құрылымы жақсы жасалған. Сабақтың басында мұғалім техника қауіпсіздігін ескертіп, бой жазу жаттығулары мен  тыныс жолдарын қалпына келтіру жаттығуларын көрсетті. Оқушылар жаттығуларды қайталап отырды. Оқушыларға шаңғының  шығу тарихы туралы  мәлімет айтып берілді және шаңғыны таңдау ережелері туралы слайдтар көрсетілді.Оқушылармен сұрақ жауап, «Сағат»ойыны өткізілді.Оқушылар сабақта белсенді болды. Сабақ соңында кері байланыс жасалып оқушылар бағаланды.

20 қаңтар күні дене шынықтыру пәнінен 5 «В» сыныбында Касымжанов Асқар «Қозғалыс техникасының элементтерін үйрету» , 5 «Д» сыныбында Картенов     Муратбек «Қозғалыс техникасының элементтерін үйрету.Шаңғы» тақырыптарында ашық сабақтарын өткізді.Екі ашық сабақ та өте жақсы деңгейде өтті. Сабақ құрылымдары дұрыс жасалған. Оқушылар сабақтың тақырыбымен және мақсатымен танысып,сұрақтарға жауап берді.Сыныптастарының жауабын тыңдап,ұсыныстарын айта білді.     Бой жазу жаттығуларын ережеге сай орындады. Оқушыларға тақырыпқа сай бейне ролик жіберіліп,

бейнероликті талқылады.

Шаңғы спортының спортта алатын орны,еліміздің шаңғышылары туралы оқушылар өз ойларын айтты. Оқушылар бір-біріне кері байланыс берді. «Қолмен белгі беру»,  «Ауызша бағалау» әдісі арқылы рефлексия жасалды.

21 қаңтар күні дене шынықтыру пәнінен 5 «Д» сыныбында Турысбеков Адил «Қозғалыс техникасының элементтерін үйрету.Шаңғы» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

Оқушылар сабақтың тақырыбымен және мақсатымен танысып, сұрақтарға жауап берді.Сыныптастарының жаубын тыңдап,ұсыныстарың айтты.  Бой жазу жаттығуларын ережеге сай орындады.Қозғалыс техникасының элементтерін үйрету кезінде дене шынықтыру сабағында қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау туралы мұғалімнің өз бейнежазбасы көрсетілді.Сабақта оқушылар өте белсенді болды. Сабақ соңында кері байланыс жасалып оқушылар бағаланды.

Жас маман Әмәлиат Өмір  1 «Е»     сыныбында дене шынықтыру пәнінен     «Қауіпсіздік техникасы.Дене белсенділігі кезіндегі жүрек соғысы және тыныс алу» тақырыбында ашық сабақ өткізді.Сабақ құрылымы талапқа сай жасалған.Сабақтың әр бөлімі сақталған.Мұғалім сабақта дене жаттығуларын өзі орындап жасаған бейнежазба көрсетті.Сұрақтар қою арқылы жаңа сабақ тақырыбын ашты. Дене жаттығулары және қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау туралы слайд көрсетілді.Сабақ соңында оқушылар сабақта не түсінгендері туралы өз ойларын айтты.Сабақ жақсы деңгейде өтті.

Музыка пәні мұғалімі Кенесов Серік 5 «А» сыныбымен«Түркі халықтарының музыкалық дәстүрі» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

Сабақтың мақсаты тақырыпқа сай қойылған.Мұғалім сабақта жағымды климат құра білді.Дамыған таныстырылымдарды көрсете білді.(сөйлеу, дыбыс,қимыл) Слайд, өзінің бейнежазбасын  сабақтың өн бойында көрсетіп отырды.Оқушылар сабаққа белсенді қатысты. Сабақ соңында кері байланыс жасалып оқушылар бағаланды.

6 «В» сыныбында Төлеген Берденбек  «Баскетбол ойынының техникалары» тақырыбында ашық сабақ өткізді.Сабақ құрылымы талапқа сай жасалған.Мұғалім сабақ барысында слайдтар көрсетті.

Оқушылар сабақтың тақырыбымен және мақсатымен танысып, сұрақтарға жауап берді.  Баскетбол добы туралы, баскетбол ойынында допты беру, лақтыру,қағып алу және соғып жүру әдістерін слайд арқылы көрді. Сабақта оқушылар өте белсенді болды. Берілген суреттер бойынша өз ойларын ортаға салды.Сабақ соңында кері байланыс жасалып оқушылар сұрақтарға жауап беріп бағаланды.

Онкүндік аясында өткізілген сыныптан тыс іс шараларға тоқталсақ:

13 қаңтар күні көркем еңбек пәнінен Каирбаева  Жанат 8     сынып оқушыларының  «Этностильдегі бас киімдер» тақырыбында жасаған бұйымдарының бейнежазбасын  көрсетті. 

14 қаңтар күні дене шынықтыру пәнінен Турысбеков Адил 5 сынып оқушылары арасында «Секіртпемен секіру» тақырыбында сайыс өткізді.

15 қаңтар күні Капашев Алмас 8 сынып қыз балалармен zoom платформасында «Волейбол ойынының әдіс тәсілдері» тақырыбында сыныптан тыс іс шара өткізді. Волейбол ойынының қыр сыры туралы пән мұғалімі көптеген мәліметтермен таныстырды.Оқушылар сұрақ жауаппен алмасты. Оқушылар белсенді қатысты, дегенмен оқушылардың барлығында мүмкіндік болмауы салдарынан толық қатыса алмады.

 Көркем еңбек пәнінің мұғалімі Тежибаева Гулназ «Өнерлінің өзегі талмас» тақырыбында 5-6 сыныптар арасында қолөнер бұйымдарының көрмесін ұйымдастырды.


16 қаңтар күні көркем еңбек пәнінің мұғалімі Болатбекова Айжанар«Қолөнер сырлы өнер» тақырыбында 5сыныптар арасында қашықтық сайысын өткізді. Сайыс     бейнежазба ретінде көрсетілді. 

Сайыстың мақсаты:

Оқушылардың қабілетін, икемділігін анықтау.Қолөнер арқылы оқушылардың ой – өрісін дамыту. 

Жарысқа қатысушы оқушылар:5 «А», 5 «Б» сынып оқушылары.

Жарысқа белсене қатысқан оқушылар:Алтайбек Алина 5 «А» сынып оқушысы, Жанымхан Аяла 5 «Б» сынып оқушысы, Махимова Ақжан 

5 «Б» сынып оқушысы.

Сайыс жақсы деңгейде ұйымдастырылған.

Дене шынықтыру пәні мұғалімі тәлімгер Кусайнов Еркин  мен жас маман Слямбеков Айбол «Біз тәуелсіз елдің палуандары» тақырыбында гір тасын көтеруден спорттық челендж ұйымдастырды.Челенджге 6-8 сынып оқушылары белсене қатысты.

18 қаңтар күні музыка пәнінен «Білім мен өнерге ғашық боламын» тақырыбында 1-6 сыныптар арасында музыкалық челендж өтті.

Челенджінің міндеті:

Челенджге қатыстыру арқылы сыныптар ара қарым-қатынасты нығайту; шығармашыл өнерлі оқушыларды анықтау және ынталандыру. Шығармашылықпен айналысып түрлі бәсекелер мен байқауларға топ жаратын өнерпаз тұлға қалыптастыру.

Челенджге қатысқан оқушылар:

1) Ақылды Талғатқызы 1а сынып

2) Серік Ержігіт 2а сынып

3) Еркімбек Айару 3е сынып

4) Дәулетқызы Кәусар 4в сынып

5) Нұрлан Айназ Жарасқызы 4а сынып

6) Кәдірбекова Кәусар Сағдатқызы 4асынып

7) Адаева Жанель Асетқызы 6е сынып.

Кемшілігі: Челенджге қатысқан балалар санының аз болуы; Оқушылардың вокалдық орындаушылық шеберліктерінің жетіспеуі; Бұл жағдайдаяттарға онлайн оқу жүйесінің кері әсерінің тигендігін де айта кетуге болады . Себебі вокалдық дағды күнделікті іс-әрекет барысында дамып қалаптасады.Челендж қорытындысы шығарылып белсене қатысқан оқушылар анықталды.

19 қаңтар күні 9  «Б» сыныбымен  Оралбеков Дидар «Қазақстан спорт жұлдыздарымен саяхат» тақырыбында сыныптан тыс сабақ өткізді.

Слямбеков Айбол 2 сынып оқушыларымен «Жаса Қазақстан» тақырыбында таңғы дене жаттығуларын өткізді.

20 қаңтар күні дене шынықтыру пәні мұғалімі Кабаев Азамат 

6 «Д»сыныбымен «Жалпы дамыту жаттығуларынан» музыкалық челендж өткізді.Челенджге сынып оқушылары белсене қатысты.

Картенов Мұратбек 5 «А» сыныбымен «Қара жорға» флешмобын ұйымдастырды.

Нағашыбаев Ернар     және Анажанов Серік көркем еңбек пәнінен «Жас суретшілер» көрмесін өткізді.

Тәлімгер Қасымжанов Асқар мен жас маман Әмәлиат Өмір «Аяқ доп шеберлері» тақырыбында сайыс өткізді.

Музыка пәні мұғалімі Болат Ерлан zoom платформасында ШҚО Мәдениет басқармасы Ертіс концерт КМҚК Байжігіт атындағы қазақ халық аспаптары оркестрінің бас дирижері Рысханов Шалқармен және мектеп мұғалімдерімен сұхбат кездесу өткізді. Кездесу барысында қонаққа сұрақтар қойылып, домбырамен қонақ кәде айтылды.Айта кетерлік жағдай техникалық ақауларға байланысты дыбыс естілу жағы дұрыс болмады.Әріптестер жағынан оқушылармен аудиторияда өткізілсе дұрыс болар еді деген ұсыныс болды.

21 қаңтар күні Төлеген Берденбек 6 «Г» сыныбымен «Қазақтың ұлттық ойындары.Бес тас ойыны» тақырыбында сыныптан тыс іс шара өткізді.Аталған сыныптан тыс іс шаралардың өту барысы жақсы деңгейде болды. 

Сыныптан тыс жүргізілген іс шаралар мектептің инстаграмм және фейсбук парақшаларына салынып отырды. Онкүндік соңында мектеп ұжымымен кері байланыс жасалып сауалнама алынды. Сауалнама нәтижесі оң баға берілді.

Қорытынды:

Онкүндік  барысында     16 ашық сабақ, 14 сыныптан тыс іс-шаралар мен кездесу сұхбат  өткізілді. Жоспарланған ашық сабақтар мен сыныптан тыс жұмыстар өз уақытында өтті. Сыныптан тыс жүргізілген іс шаралар мектептің инстаграмм және фейсбук парақшаларына салынды. Онкүндік соңында мектеп ұжымымен кері байланыс жасалып сауалнама алынды. Сауалнама нәтижесі оң баға берілді.Онкүндік өз дәрежесінде өтті.

Күтілетін нәтиже:


Алдағы уақытта   пән мұғалімдері жаңа технологиямен сабақ өтеді. Дарынды  оқушылармен жұмыс деңгейі одан әрі жандандырылады.

Алдағы міндеттер:


Мұғалімдер сабақтарында жаңа технология әдіс-тәсілдерін көптеп, түрлендіріп өткізу. 

Дарынды оқушылармен жеке жұмыс түрлерін жүргізу.

Онкүндік  барысында кеткен кемшіліктерді алдағы уақытта жою.

Сабақта жаңа технологиялардың түрлерін молайтып, сабаққа кеңінен қолдануды жолға қою.



 Бірлестік жетекшісі Каирбаева Жанат Каукеновна

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив