«Заң және Тәртіп»
Мектебімізде 1 қабатта «Заң және Тәртіп» бағыты аясында азаматтық-патриоттық тәрбие мен құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында ақпараттық стенд орнатылды. Стендте ҚР Конституциясының 1-бабы мен 36-бабының 1-тармағынан («Қазақстан Республикасын қорғау – оның әр азаматының қасиетті парызы мен міндеті») үзінділер және әскери қызметкерлердің бейнелері орналастырылған.