ЖАС САРБАЗ - ТӘРТІП - АЗАМАТ
Шығыс Қазақстан обылысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№49 жалпы білім беретін мектебі» КММ
«Жас Сарбаз» арнайы сыныптары

«Жас Сарбаз» арнайы сыныптарының
ЕРЕЖЕСІ
- Жалпы ережелер
Осы Ереже (Ереже - әрі қарай ) Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы әскери – патриоттық жұмыстарды ұйымдастырудың әдістемелік нұсқаулығына (07.12.2018ж) сәйкес әзірленген1.2.Ереже «№49 жалпы білім беретін мектебі» КММ «Жас Сарбаз» арнайы сыныптарының қызметін реттейді және ретке келтіреді.1.3. «Жас Сарбаз»сыныбы бастауыш, негізгі, орта және жалпы орта білімнің оқу бағдарламаларын, сонымен қатар, «Жас Сарбаз» тәрбиеленушілерін құқықтық, әскери-қолданыс, дене және эстетикалық даярлықтарын дамыту мақсатында әскери-патриоттық, рухани-адамгершілік: Отанға деген сүйіспеншілік, қоғамдық және әскери міндеттердің жоғары санасын, тәртіп, «Жас Сарбаз» отбасына деген мақтаныш келешекте кез-келген қоғамдық қызметте ресми міндеттерді адал орындауға деген ұмтылыс қалыптастыру бағытындағы қосымша білім бағдарламасын іске асырады. «Жас Сарбаз» арнайы сыныбы жалпы әскери бағытында жұмыс істейді. 1.4. «№49 жалпы білім беретін мектебі» КММ және«Жас Сарбаз» арнайы сыныптарының ата-аналарының (заңды өкілдерінің) қатынастары келісім-шарт негізінде құрылады.
- «ЖасСарбаз» арнайысынып қызметін ұйымдастыру
2.1«Жас Сарбаз» арнайы сыныбы мектептің ұйымдық бөлігі болып табылады және оның құрылымдық бөлімшесі болып табылады, жалпы білім беретін оқу бағдарламасы, оқу жоспарымен қатар арнайы «Жас сарбаз» сыныптар үшін қосымша білім берудің оқу бағдарламасы негізінде білім алады.
2.22020-2021 оқу жылынан бастап 4,5,6,сынып (4,5,6 «А», «Б» сынып) «Жас сарбаз» сыныптары ашылады
2.3«Жас сарбаз»сыныптарының бағыты: жалпы әскери
2.4«Жас сарбаз»сыныбына қабылдау ата-аналардың (заңды өкілдердің) жазбаша өтініші негізінде қабылдаудың тәртібіне сәйкес жүргізіледі (1-қосымша)
2.5«Жас сарбаз» сыныптарында оқушылар саны санитарлық-гигиеналық нормаларға сәйкес анықталады және 25 адамнан аспауы керек.
2.6. «Жас сарбаз» сынып оқушылары Республикалық әскери – патриоттық «Жас Сарбаз» қоғамдық қозғалысының бірыңғай киім формасына тәйкес кейінеді.
2.7. «Жас сарбаз» сыныптарынан басқа жалпы білім беретін сыныптарға ата-анасының (заңды өкілдердің) өтініші негізінде ауыса алады.
2.8. «Жас сарбаз»сыныпты бітіргеннен кейін бастауыш, негізгі жалпы білім беру бағдарламаларын аяқтағаннан кейін педагогикалық кеңестің шешімімен жүзеге асырылады.
2.9. Ішкі ережелерді өрескел бұзған жағдайда оқушылар арнайы сыныптан алып тастауға (басқа сыныптарға ауысу) рұқсат етіледі.
- Арнайы сыныптағы оқу үдерісі
3.1 «Жас сарбаз» сыныбында оқу үдерісін ұйымдастыру оқу кестесімен және мектептен тыс іс-шараларының кестесімен реттеледі.
3.2 «Жас сарбаз» сыныбы бойынша оқыту жалпы білім беретін бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру бағдарламасын бойынша жүзеге асырылады.
3.3. «Жас сарбаз» сыныбының оқытушылық қызметімен айналысуға жалпы білім беру мекемелерінің педагогикалық қызметкерлеріне рұқсат етіледі.Әскери бағыт бойыншанегізгі пәндерді оқыту үшін мектеп әкімшілігі АӘД мұғалімін, басқа да білім беру мекемелерінің, мамандандырылған мекемелер мен ұйымдардан әскери мамандарды шақыра алады.
3.4. «Жас Сарбаз» арнайы сыныбының контингентін жалпыға бірдей мектеп әзірлеген қосымша әскери-патриоттық білім беру бағдарламалары үшін міндетті компонент пен таңдаудың компоненті ескеріле отырып, ертерек кәсіби бағдарлау мақсатында «Жас Сарбаз» сыныптарының оқушыларын әскери және азаматтық мамандықты таңдау үшін дайындайды, одан әрі жоғары, орта кәсіптік білім беру мекемелерінде оқу үшін қажетті білім мен дағдыларды игеру үшін қалыптастырады;
3.5 «Жас сарбаз» арнайы сыныпты бітірген және мемлекеттік (қорытынды) аттестаттаудан өткен жалпы білім беру ұйымының түлектеріне тиісті білім деңгейі бойынша мемлекеттік құжаттар, сондай-ақ «Жас сарбаз»арнайы сыныбын бітіргені туралы сертификат беріледі.
3.6 «Жас сарбаз» арнайы сыныбы өзінің рәміздері мен атрибуттарына ие: эмблемасы, белгіленген формасы болады (2-қосымша)
4. «Жас сарбаз» арнайы сыныбын басқару4.1 «Жас сарбаз» арнайы сыныбын басқару өзін-өзі басқару принциптеріне негізделген. Өзін-өзі басқарудың нысаны –«Жас Сарбаз» арнайы сынып оқушыларының жиналысы болып табылады.4.2 «Жас сарбаз» арнайы сыныбын басқару мектеп жарғысына және тәрбиеленушілердің ішкі регламентіне, сондай-ақ осы ережегесәйкес жүзеге асырылады.4.3 «Жас сарбаз» арнайы сыныптарының өзін-өзі басқару формасы «Жас Сарбаздар Намысы» кеңесі, бөлім жиналысы, взвод жиналысы, «Жас Сарбаз» сыныптарының ата-аналар жиналысы.
4.4«Жас сарбаз» арнайы сыныптарын тікелей басқаруға мектеп директоры, осы буындажетекшілік ететін директордың орынбасары және сынып жетекшілері, қосымша білім беру педагогы жауап береді.4.5 Мектеп директоры білім беру үдерісін ұйымдастыруға, жай-күйіне және «Жас сарбаз» арнайы сыныптарының қызметіне тікелей жауапты болады. Осы буынның жұмысына жетекшілік ететін директордың орынбасары, сынып жетекшілері мектепте әзірленетін лауазымдық нұсқаулықта көзделген өзінің функционалдық міндеттерін орындауға жауапты.
5. Білім беру үдерісіне қатысушылар
5.1.«Жас сарбаз» арнайы сыныптардағы білім беру үдерісіне қатысушылар сынып жетекшілері, педагог қызметкерлер, оқу-көмекші персонал, тәрбиеленушілер мен тәрбиеленушілердің ата-аналары (заңды өкілдері) болып табылады.
5.2.Тәрбиеленушілердің, олардың ата-аналарының (заңды өкілдерінің) құқықтары мен міндеттері мектеп Жарғысымен, осы Ережемен, «Жас сарбаз» арнайы сыныптардың ішкі тәртіп ережелерімен айқындалады.
6.Оқу-материалдық базасы және «Жас Сарбаз» арнайы сыныптарды қаржылық қамтамасыз ету
6.1. «Жас Сарбаз» арнайы сыныптары белгіленген тәртіппен оқу жабдығымен және басқа да материалдық құралдармен қамтамасыз етіледі.
6.2. Киім-кешек заттарын сатып алуға арналған шығындарды (2-қосымша) ата-аналар қаржыландырады.
6.3. Көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан «Жас Сарбаз» тәрбиеленушілеріне мектеп қаражаты есебінен жеңілдік жасалады.

Қосымша1
«Жас Сарбаз» арнайы сыныбына қабылдау тәртібі
Арнайы сыныпқа қабылдау рәсімінің бастапқы кезеңінде мектеп әкімшілігі балаларды және олардың ата-аналарын (заңды өкілдерін) білім беру ерекшелігімен, бағдарламасымен, арнайы сыныпта оқығысы келетін оқушыларға қойылатын талаптармен, арнайы сынып жұмысын реттейтін басқа жергілікті мектеп актілерімен таныстыруға міндетті.
2.1. Қабылдау рәсімінің сапасын қамтамасыз ету үшін мектеп директорының бұйрығымен жыл сайын іріктеу комиссиясы тағайындалады.
2.2. «Жас сарбаз» арнайы сыныптарына қабылдау бастауыштағы оқуын аяқтаған (10 жасқа толған), мектептің педагог-психологының сұхбатынан өткен, үлгерімі бойынша негізгі топқа жататын, денсаулығы бойынша жарамды, мінездемесі жағымды және қосымша оқу бағдарламасымен оқығысы келетін ата-аналардың (заңды өкілдердің) өтініші негізінде қабылданады.
2.3. «Жас Сарбаз» арнайы сыныпта оқуға үміткерлерді іріктеу комиссиясының хаттамасымен анықталған «Жас Сарбаз» сыныбына қабылданатын үміткерлердің тізімі негізінде оқушылардың ата-аналары (заңды өкілдері) мен мектеп әкімшілігі арасында келісім жасағаннан кейін мектептің директорының бұйрығымен қабылданады.2.4. «Жас сарбаз» арнайы сыныбына түсуде артықшылық құқығы бар:- әскери жанжалдар аймағында қызмет ететін әскери қызметкерлердің балалары;- өз міндеттерін орындау кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің балалары; - әскери қызметшілердің балалары; көп балалы және аз қамтылған отбасылардың балалары; - жалғыз басты аналар (әкелер) балалары; - қамқорлыққа алынған балалар; 2.5. «Жас сарбаз» арнайы сыныбына қабылданған оқушылар үшін сынақ мерзімі белгіленеді, ұзақтығы 3 ай. Үш айдан кейін «Жас Сарбаз» қатарына кіру басталды.2.6.«Жас сарбаз» арнайы сыныбына қабылдаудың белгіленген тәртібін бұзу туралы өтініштерді (шағымдарды) қарау, балаларды қабылдаудың белгіленген нормаларынан артық оқушыларды қабылдау туралы шешім қабылдау мектептің педагогикалық кеңесіне жүктеледі.2.7.Балаларды «Жас сарбаз» арнайы сыныбына қабылдауды бақылау, сыныпты толтырудың белгіленген нормалары бойынша оқуға қабылдау тізімдерін келісу іріктеу комиссиясына жүктеледі.2.8. Оқушылардың, олардың ата-аналарының (қамқоршыларының) құқықтары мен міндеттері мектептің Жарғысында және «Жас сарбаз» арнайы сыныбы туралы ережеге сәйкес анықталады.
Қосымша 2
"Жас сарбаз" арнайы сынып тәрбиеленушілерінің нышандары, нысанды киім-кешектері және атрибутикасы
1.Салтанатты киім нысаны.
1.1. «Жас сарбаз» сыныптарының ұлдарына арналған салтанатты киім нысаны:
Китель, түсі-қара жусан,жиектері жоқ. Китель диаметрі 22 мм қыраны бар жұлдыз бейнеленген түймелерге түймеленеді.Қара жусан түсті балағы түсіңкі жиексіз шалбар.Алтын-сары түсті аксельбант, оң жақ иыққа погонның астына бекітілген және төменгі жағы жағасының астындағы түймеге бекітілген.Алтын түстес ұлттық ою-өрнегі және алтын түстес көмкермесі бар алмалы-салмалы сары түсті погондар.Сол қолының білегіндегішевроны шеңбер түрінде, онда Қызыл Жұлдыз бен қыран бейнеленген, сондай-ақ "№49 жалпы білім беретін мектебі" және " Жас сарбаз сыныбы" деген жазумен көмкерілген.
Әскери Эмблема, жағада (металл) Берет қара жусан түстес және жұлдыз бейнеленген кокардамен. Жұлдыздың ішінде қалықтап ұшқан қыран.Ақ түсті жейде.Қара жусан түстес Галстук.Ақ қолғап.Қара түсті туфли.Шұлық қара, қара-көк, қара-қоңыр түсті.
1.2. «Жас Сарбаз» сыныптарының қыздарына арналған салтанатты киім нысаны:
Қара түсті Жиектері жоқ китель, түсі - қара жусан. Китель диаметрі 22 мм қыраны бар жұлдыз бейнеленген түймелерге түймеленеді.Юбка түсі - қара жусан, жиегі жоқ, бүрмеленген.Аксельбант-оң жақ иығында алтын (сары) түсті, погонның астына бекітілген және төменгі жағасының астындағы түймеге бекітілген.Погондар- алып-салмалы алтын - сары түсті ою-өрнегі бар.Сол қолының білегіндегішевроны шеңбер түрінде, онда Қызыл Жұлдыз бен қыран бейнеленген, сондай-ақ "№49 жалпы білім беретін мектебі" және "жас сарбаз сыныбы" деген жазумен көмкерілген.Жағасына әскери эмблема (металл) Берет қара жусан түстес және жұлдыз бейнеленген кокардамен. Жұлдыздың ішінде қалықтап ұшқан қыран.Ақ түсті жейде.Галстук қара жусан түстес.Ақ қолғап туфли, өкше 3-4 см артық емес.Ақ түсті колготкалар немесе ақ түсті гольфтар.Шаштары ақ банттармен өрілген.
2. «Жас Сарбаз» сыныптарының ұлдары мен қыздарына арналған күнделікті киім нысаны:
Қысқа жеңді мақта – мата Футболка, мойын астына жоғарғы ойығы бар. Мойын ені 2,5 см, кеуде тұсында «Жас Сарбаз» эмблемасы бар.Орталық ішкі ернеуі бес түймеге түймеленетін Китель, жоғарғы ілмегі өтпелі. Екі түймемен түймеленетін қалталары бар. Арқасында қозғалыс еркіндігіне арналған үш бөліктен тұратын бүктемелері бар. Жеңі қондырмалы, екі тігісті, шынтас тұсында трапеция пішінді күшейткіш жапсырмалары бар. Манжет жеңінің жоғарғы бөлігінің төменгі жағында екі түйменің біріне ілмекпен түймеленеді. Белі сырылып тігілген, алдыңғы жартысындағы бүйір қалталары бар шалбар. Берет немесе қалпақ түсі көгілдір, береттің оң жағында бүйір қабырғаларында екі желдету тесіктері орналасқан. Қабырғаларының биіктігі сыртқы жағынан бүкіл шеңбер бойымен 6,5 см. Береттің төменгі жиегінде қара түсті былғарыдан жасалған жиек бар, оған реттеу сымы қосылған. Шекесінде «Жас Сарбаз» эмблемасы орналасқан.Қара түсті туфли, өкше 3-4 см артық емес.Дене түсті колготки.Шаштары ақ банттармен өрілген.
Гимн «Жас Сарбаз»
әні: Серік Әбдінұров
сөзі: Айбатыр Сейтақ
Тәуелсіз елдің бағы үшін
Сапта тұр ұланың, сарбазың.
Менің мәңгі жүрегімде:
Отаным – Арым, намысым.
Қ-СЫ:
Бір, екі, үш, төрт
Қадам бас алға
Бір, екі, үш, төрт
Қатардан қалма.
Самғасын көкте ұраның,
ЖАС САРБАЗ бала қыраным!
Каждый из нас всегда готов
Верно служить своей стране
Тебе и мне, даже вдвойне
Пользу нести родной Земле!
Қ-СЫ:
Бір, екі, үш, төрт
Жас сарбаз вперед!
Бір, екі, үш, төрт
Родина зовет!
Самғасын көкте ұраның,
ЖАС САРБАЗ бала қыраным!
«Жас Сарбаз» анты
Мен, ________________________, Республикалық бірыңғай «Жас САрбаз» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына кіре отырып:
- Өз Отаным – Қазақстан Республикасының патриоты болуға;
- Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, дәріптеуге;
- Туған елім, жерім, Отанымды мақтаныш етуге;
- Ата – анамды қадірлеуге;
- Үлкендерге құрмет, кішіге ізет көрсетуге;
- Білімге табандылықпен ұмтылуға;
- Салауатты өмір салтын ұстануға;
- Табиғатты аялауға;
- «Жас Сарбаз» ережесін бұлжытпай сақтауға және оны өз достарымнан талап етуге;
- Біздің жерлестеріміздің даңқты ерлігі өнегесі негізінде ерлікке үйренуге және Отанға шексіз қызмет етуге салтанатты түрде АНТ етемін!
- Егер мен өзім қабылдаған антымды бұзсам, онда мен «Жас сарбаз» патриоттық клубының мүшелігінен шығуға дайынмын!
«Жас Сарбаз» арнайы сыныптарының АНТ қабылдау рәсімі!
