Өскемен қаласы әкімдігінің «№49 жалпы білім беретін мектебі» КММ 2020-2021 оқу жылына арналған «Жас сарбаз» сыныптарының жұмыс оқу жоспарына түсінік хат
«Бекітемін»
Өскемен қаласы әкімдігінің «№49 жалпы білім беретін мектебі» КММ
директоры
______________А.Кадирова
Өскемен қаласы әкімдігінің «№49 жалпы білім беретін мектебі» КММ
2020-2021 оқу жылына арналған «Жас сарбаз» сыныптарының жұмыс оқу жоспарына түсінік хат
«Жас сарбаз» әскери-патриоттық балалар-жасөспірімдер қозғалысы» Республикалық қоғамдық бірлестігі Шығыс Қазақстан облыстық филиалының 24.10.2018 ж. ережесі негізінде және ата-аналар өтініші бойынша 2020-2021 оқу жылында мектебімізде 4»А», 4«Б», 5«А», 5«Б», 6«А», 6«Б» «Жас сарбаз» сыныптары оқытылады.
2020-2021 оқу жылында 4,5,6 «Жас сарбаз» сыныптарының жұмыс оқу жоспары жаңартылған білім мазмұны бойынша:
4 «А, Б» - сыныптар - "Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген Бастауыш білім берудің үлгілік оқу жоспарлары (2018 жылғы 4 қыркүйектегі № 441 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) 1-қосымшасына сәйкес жасалды.
5 және 6 «А, Б» – сыныптар - Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығы (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 04 қыркүйектегі №441 бұйрығы және 2020 жылғы 17 тамыздағы №350 бұйрықпен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) сәйкес жасалды.
«Жас Сарбаз» тәрбиеленушілерін құқықтық, әскери-қолданыс, дене және эстетикалық даярлықтарын дамыту мақсатында, әскери-патриоттық, рухани-адамгершілік сезімдерін тәрбиелеуде жұмыс оқу жоспарының вариативті бөлігінен:
4«А, Б» - сыныптарда:
-саптық даярлық – 1 сағат;
-логика – 1 сағат;
-патриоттық әндер – 1 сағат бөлінді.
5 «А, Б» - сыныптарда оқу жоспарының вариативті бөлігінен:
- саптық даярлық – 1 сағат;
- математикалық логика – 1 сағат;
-патриоттық әндер -1 сағат бөлінді.
6 «А, Б» - сыныптарда оқу жоспарының вариативті бөлігінен:
- саптық даярлық – 1 сағат;
- математикалық логика – 1 сағат;
-патриоттық әндер -1 сағат;
-робототехника -1 сағат бөлінді.
Жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу жоспарларындағы вариативтік компонентті қоса алғанда, «Жас сарбаз» сыныптарының білім алушылардың апталық оқу жүктемесінің ең жоғарғы шекті көлемі 4-сыныпта – 29 сағат,
5-сыныпта – 32 сағат, 6-сыныпта – 33 сағат.
Жұмыс оқу жоспары мектептің №1 29.08.2020 ж. педагогикалық кеңесінде қаралып, талқыланды.