"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында 8-11 сынып оқушыларының қатысуымен » Өскемен қаласы әкімдігінің "N49 жалпы білім беретін мектебі"
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
"N49 жалпы білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7232) 51-20-29
Есепші бөлімі:
+7(7232) 51-20-29
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында 8-11 сынып оқушыларының қатысуымен http://49-oskemen.mektebi.kz/uploads/posts/2020-12/1609042348_499.jpg
09
февраль
2022

"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында 8-11 сынып оқушыларының қатысуымен

09.02.2022 күні "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында 8-11 сынып оқушыларының қатысуымен  М.Әуезовтің " Қорғансыздың күні" әңгімесі желісінде оқырман конференциясы өткізілді. Аталған іс -шараға қала мектептерінің кітапханашылары қатысты. Алғашқы сөзді оқу ісінің меңгерушісі Сакалова Г.К. "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында атқарылып жатқан іс- шараларға тоқталып өтті. Оқушылардың әңгімені оқып , үлкен дайындықпен келгені көрініп тұрды.Бірінен кейін бірі сөз алған оқушылар тыңдап отырған кітапханашылардың  жүрегіне әңгімені жеткізе білді.Кітапханашылар тарапынан қойылған сұрақтарға да жарыса жауап беріп, өз ойларын терең жеткізе білді.Әңгіме желісі оқушыларды толғандырып , кейіпкерлерге деген аяушылық сезімдерін баса жеткізді. Оқушылар осындай әңгіме жазған авторға да алғысын  білдірді."Өмірлік сабақ болатын әңгіме екен" деп аяқтады сөздерін. Шынайы сезім мен белсенділіктерін көрген кітапханашылар оқушыларға ризашылықтарын білдіріп, жоғары баға берді.Оқырман конференциясы өз дәрежесінде өткеніне қуаныштымыз, ең бастысы оқушылар шығарманы үлкен қызығушылықпен оқығандары көрініп тұрды.

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив