Тамақтану туралы
Оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету барысы: тамақтың сапасы, санитарлық- эпидемиологиялық талаптардың сақталу барысы
2021- 2022 оқу жылының қыркүйек айында мектеп асханасында оқушылардың тамақтану кестесі құрылып, асханада кезекшілік ұйымдастырылды, тамақтануға тапсырыс жинайтын жауапты адам тағайындалды.
Мектеп асханасында тегін тамақтану ҚР Білім және ғылым министрінің 07.10.2019 жылғы №435 бұйрығымен «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік көрсететін қызмет стандартына сай жүзеге асырылады. Көп балалы және әлеуметтік қорғансыз топтарға жатқызылатын оқушылар санаттары ата-аналар тапсырған құжаттарға сәйкес анықталған. Мектеп оқушыларының қалған бөлігін тамақтандыру ата-анасының қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Бастауыш сыныптарда ыстық тамақпен қамту 100 %.
Тегін тамақтанатын оқушылардың тізімдік құрамы анықталды.
Барлығы | Мектепалды даярлық | 1-4 сынып | 5-9 сынып | 10-11 сынып | |
Аз қамтылған | 129 | 8 | 53 | 63 | 5 |
Көп балалы | 260 | 22 | 113 | 111 | 14 |
Мүгедек бала | 4 | 0 | 1 | 3 | 0 |
ЗПР | 5 | 0 | 4 | 1 | 0 |
Жетім | 3 | 0 | 1 | 1 | 1 |
Патронат | 1 | 0 | 0 | 1 | 0 |
Асхана қызметкерлерімен бірлесіп ас мәзірі бекітілді. Бір реттік ыстық тамақ құны 400 теңгені құрайды.
Бракераждық комиссия мүшелері асханадағы тағам өнімдерінің сапасын, сақталу мерзімдері мен дайындау технологиясына, ас блогының санитарлық жағдайына бақылау жүргізіп, өз қызметінде СанПин талаптарын басшылыққа алады. Тексеру барысында ас мәзірінің дұрыс құрылуы мен нормаға сәйкестігі, дайын тағамның калориясы күнделікті қадағаланып, бракераж журналына тіркелетіндігі анықталды. Асханада тамақтану кестесі құрылған. Апталық ас мәзірі бекітілген. Ас мәзірінің сақталуын және санитарлық- гигиеналық талаптарға сәйкестігін күнделікті тексереді, бракераждық, санитарлық- гигиеналық жағдайды тіркейтін журналдарды жүйелі жүргізіледі. Қол жуатын арнайы орындарда сұйық сабын, қол кептіру құралдары, қол жуу ережесі ілінген, антисептиктермен қамтамасыз етілген. Асхананы тазалау, кварцтеу кестесі директормен бекітілді. Асханада
1- әкімші, 3- аспаз, 2-наубайшы, 2- ыдыс жуушы, 2- үстел жасаушы қызмет атқарады. Асхананың ішкі бөлігінің тазалығына, еденнің жуылуына 2 ыдыс жуушы жауапты. Барлық асхана қызметкерлерінің санитарлық кітапшалары бар, уақытында медициналық тексеруден өтіп отырады. Әр сыныптың өз үстелі бар. Шағым және ұсыныстар журналы жүргізіледі. Әлеуметтік педагог А. Бегалина күнделікті бала санын тексеріп, тамақтануын бақылайды.
Мектепте оқушыларды ыстық тамақпен қамтуға барлық жағдай жасалған.
Директордың әлеуметтік істер жөніндегі орынбасары С. Баймолдина