ӘЛЕУМЕТ - ҚАТЫНАС- БАЙЛАНЫС

Әлеуметтік карта бойынша сыныпта бала саны, отбасы жағдайы, отбасы құрамы, санаты, аз қамтылған отбасы саны және көп балалы, тұратын мекен-жайы, өз үйі немесе жалдамалы пәтер, ұлты анықталды. Мектебімізде жалпы саны 1268 бала оқиды. Оның ішінде:
Санаты | Саны |
Көп балалы отбасы | 211 |
Көп балалы, АӘК | 29 |
Аз қамтылған отбасы | 86 |
Аз қамтылған, АӘК | 22 |
Жетім | 6 |
ОВПР | 2 |
Патронат | 1 |
Мүгедек бала | 9 |
ЗПР | 6 |
Ұлты бойынша:
Ұлттары | Орыс | Ұйғыр | Татар | Тәжік |
1 | 2 | 1 | 1 |
Отбасылық жағдайы бойынша:
Толық отбасы | 1126 |
Жалғыз басты ана | 59 |
Жесір әке | 6 |
Ажырасқаны анасымен | 52 |
Ажырасқаны әкесімен | 39 |
Пәтер жалдап тұратыны | 269 |
Қызметтік уйде тұратыны | 20 |
Өз үйі | 849 |
Өз пәтері | 148 |
Асыраушысынан айырылған | 4 |
Қыркүйек айында оқушылардың қашықтықтан білім алуына оңтайлы жағдай жасау үшін ата-аналардың өтініші бойынша қажетті техникалық құралдар таратылды.
Отбасылардың техникалық құралдармен қамтылуы туралы мәлімет
Саны | Оқушы саны | |
Роутер | 50 | 153 |
Сим карта | 80 | 160 |
Компьютер | 112 | 250 |
Ноутбук | 30 | 63 |
Роутер, симкарталармен қамтылған 130 отбасына ай сайын мектеп бюджетінен 3490 теңгеден жалпы құны 248438,68 теңгенің теңгерімі толтырылып отыр. 2019-2020 оқу жылының тапсырысына сәйкес 357 оқушыға мектеп формасы мен 376 аяқ киім таратылды. Акция шеңберінде мектеп ұжымынан Кадирова А.Ч, Рахымжанова Р.А құны 12000 теңгелік сөмке оқу құралдарымен 2 «В» сынып оқушысы Амантай А. мен 3 «Г» сынып оқушысы Хайратқызы А. тарту етті. Ал «ДК Проект» ЖШС 6 телефон нөміріне 22000 теңге көлемінде теңгерім толтырып берді. Жергілікті өзін-өзі бсқару комитеті тарапынан аз қамтылған отбасы оқушылары Нұрашева А. 4 В сыныбы, Тилийхан Е 2 Е сынып оқушыларына толық оқу құралдарымен жабдықталған сөмке сыйға тартылды. Көп балалы Әзидулла отбасын 6 А сынып жетекшісі У.С Мусралинова мен ата-аналар 42000 теңге көлемінде қажетті азық-түлік, жиһазбен жабдықтады.
Қазан айында «Қамқор» «Мектепке жол» акциялары аясында мектеп тарапынан 16 отбасына жалпы құны 56000 теңгенің заттары (азық-түлік, оқу құралдары, тазалық заттары, киім-кешек) таратылып, әр отбасына шаққанда 3500 теңгені құрады. Ай сайын жағдайы төмен отбасыларға компания директоры, мектеп мұғалімдері, дүкендер демеушілік көрсетіп отырды.
Қазан айында «Қамқор» «Мектепке жол» акциялары аясында мектеп тарапынан 16 отбасына жалпы құны 56000 теңгенің заттары (азық-түлік, оқу құралдары, тазалық заттары, киім-кешек) таратылып, әр отбасына шаққанда 3500 теңгені құрады. Ай сайын жағдайы төмен отбасыларға компания директоры, мектеп мұғалімдері, дүкендер демеушілік көрсетіп отырды. Наурыз айынан бастап «жүректен жүрекке» акциясы жүргізілді. Жыл сайынғы акция мақсаты: әрбір азаматты қайырымдылық ісіне тарту және балалар мен жасөспірімдердің тілектерін орындауға көмектесу үшін ортақ күш салу болып табылады. Акцияға ата-анасы мүгедек, табысы төмен, аз қамтылған отбасынан, қамқоршысы атасы, әжесі, басқа да қорғалмаған санаттағы тұлғалар болып табылатын қамқоршы, көпбалалы отбасынан шыққан ерекше білім беру қажеттілігіне мұқтаж жандар қатысады. Мектебімізде «жүректен-жүрекке» акиясы бойынша 13 баланың тілегін орындадық:
Аты-жөні | Сыныбы | Армандаған заты |
Аянқызы Адина | 0 А | Сабақ жазатын тақта |
Ерболатқызы Інжу | 0 Б | Барби кукла |
Малдыбаева Алина | Ермексаз | |
Алмасқызы Әдемі | 0 Г | Сабақ оқитын Үстелмен орындық |
Оралбекова Айша | 1 В | Қуыршақ |
Мырзабекова Аруназ | 1 А | Қиял-ғажайып ертегі кітабы |
Қожанжарова Аруна | 1 Г | Ойыншық |
Мәдениет Аида | 1 Е | Қуыршақ |
Шаймұрат Дәулет | 2 Е | Доп |
Мұратбекова Дильназ | 11 Б | Киім |
Кумарканов Нұртөре | 1 Ж | арболет |
Ерікұлы Саян | 2 Г | Автомат ойыншығы |
Аз қамтылған, көп балалы отбасы оқушыларының барлығы ай сайын автобуста тегін жол жүру билетімен қамтамасыз етіліп отырды. Мектептің 7-15 жас аралығындағы оқушыларына транспорттық карталар таратылды. Мектеп қызметкелері мен кезекші сынып оқушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында турникет карталары таратылды.
2020 - 2021 оқу жылының ІІІ тоқсанында мектеп асханасында оқушылардың тамақтану кестесі құрылып, асханада кезекшілік ұйымдастырылды, тамақтануға тапсырыс жинайтын жауапты адам тағайындалды. Асхананы тазалау, кварцтеу кестесі де директормен бекітілді. Асханада 1- әкімші, 2 - аспаз, 2- ыдыс жуушы, 2- үстел жасаушы қызмет атқарады. Асхананың ішкі бөлігінің тазалығына, еденнің жуылуына 2 ыдыс жуушы жауапты.
Тегін тамақтануға құқығы бар оқушылардың тізімдік құрамы анықталды. 370 оқушы тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілді.
Асхана қызметкерлерімен бірлесіп ас мәзірі бекітіліп, бір реттік ыстық тамақ құны 300 теңгені құрады және буфет тамақтары яғни (самса-150, пирожки-80, сосиски в тесте-100, кекс-70, басқа да тәтті түрлері) сатылымда болды.
Мектеп асханасында тегін тамақтану ҚР Білім және ғылым министрінің 07.10.2019 жылғы №435 бұйрығымен «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік көрсететін қызмет стандартына сай жүзеге асырылады. Көп балалы және әлеуметтік қорғансыз топтарға жатқызылатын оқушылар санаттары ата-аналар тапсырған құжаттарға сәйкес анықталған.Мектеп оқушыларының қалған бөлігін тамақтандыру ата-анасының қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Бастауыш сыныптарда ыстық тамақпен қамту 100%.
Мектепте оқушыларды ыстық тамақпен қамтуға барлық жағдай жасалды.