Тәлімгер мен жас маман жұмысының талдауы
Тәлімгер мен жас маман жұмысының талдауы
«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында»
Н. Ә. Назарбаев
мақсаты : Жас маманның жаңа еңбек ортасына бейімделуін қамтамасыз ету, жаңа еңбек ету ортасы мен оқу орнына деген сүйіспеншілік, құрмет, жас маманға әдістемелік көмек көрсетуді, тәлімгерлер мен ұстаздар арасында байланыс, өзара сабаққа қатысу, жас мамандар үшін дәстүрлі емес ашық сабақтар, семинарлар, тренинг, пікірталас өткізуді жүзеге асырады.
міндеттері :
1. Жас маманмен арнайы құрылған жоспар бойынша жүйелі ұйымдастырылған жұмыстарды жүргізу.
2. Оқыту технологиялары, педагог мәдениеті, кәсіби шеберлік, сабақты, сыныптан тыс шараларды, сынып жетекшісінің жұмыстарын жоспарлау, талдау, сынып ұжымының тәрбиелік деңгейін есепке алу және т.с.с. мәселелердің шешімін табу қарастырылады
3. Жас маманның педагогикалық әрекетін сараптау нәтижелері, олардың жоғары оқу орындарында меңгерген теориялық педагогикалық-психологиялық білімдерін, жаңадан келген жұмыс орындағы алғашқы жылында іс жүзінде пайдалануына көмек көрсету.
4. Жас маманның жаңа еңбек ортасындағы алғашқы жылда теориялық білімін сақтап қана қоймай, оны практикада қолдану дағдыларын қалыптастыруға әдістемелік көмек көрсету.
Жас мамандармен жұмыс арнайы құрылған жоспар бойынша жүйелі жүргізіледі. Онда оқыту технологиялары, педагог мәдениеті, кәсіби шеберлік, сабақты, сыныптан тыс шараларды, сынып жетекшісінің жұмыстарын жоспарлау, талдау, сынып ұжымының тәрбиелік деңгейін есепке алу және т.с.с. мәселелердің шешімін табу қарастырылады. Жас мамандардың педагогикалық әрекетін сараптау нәтижелері, олардың жоғары оқу орындарында меңгерген теориялық педагогикалық-психологиялық білімдерін, жаңадан келген жұмыс орындағы алғашқы жылында іс жүзінде пайдалануда қиналатынын көрсетті.
Жас ұсатаздың кәсіптік қызмет картасы мынадай.
1) Біліктілігін көтеруі (курстар, семинарлар,т.б.)
2) Кәсіптік табыстары рейтингісінің жылдар бойынша өсуі.
3) Әдістемелік жұмыстары.
4) Кәсіптік жаңашылдық қызметі.
5) Кәсіптік тұлғасы: негізгі мәселені анықтай алуы, жобалар құра білуі, өз қызметі бойынша есептер, мақалалар жаза алуы, төзімділігі, адами-рухани, психологиялық сапалары, қарым-қатынас шеберлігі.
6) Пән бойынша сыныптан тыс жұмыстары.
7) Қоғамдық педагогикалық қызметі.
Осындай кесте әрбір жас маманның нақты әрі нәтижелі жұмыс істеуіне жетекші бола алады.
Оқу жыл басында «Қазақ тілі мен әдебиеті » пәндер бірлестігіне жас маман келді. Маған тәлімгер ретінде жас маман Қожаназыров Ислам Тілеуғазыұлы берілді. Таңдау жұмыс түрі жас маманмен бастаған кіріспе сауалнама жүргізу және әңгімелесу, педагог көрсеткен қиындықтар, проблемалар. Сауалнама қорытындысы бойынша бірлескен жұмыс жоспары анықтады. Оқу жылының басынан бастап тәлімгерлік жұмысымды жүзеге асыруда «Тәлімгер мен жас маман жұмысының жоспары» құрып, бекітірдім. Жыл бойы жас мамандардың өсу деңгейі тәлімгерлер тарапынан бақыланады, әдістемелік көмек, нұсқаулар беріледі.
2020-2021 оқу жылының қыркүйек айынан Ислам Тілеуғазыұлы екеуіміз бірге тығыз жұмыс істеудеміз.
1) Оқу жылына жылдық жұмыс жоспары жасалды.
2) Жоспар бойынша үнемі іс-әрекетін бақылап, кеңес бердім.
3) Психологиялық қолдаулар үлгілерін көрсеттім.
4) Педагог этикасы, педагогикалық такт, оқушылармен қарым- қатынас жасау ережелері, тренинг өткізу жайлы ұсынымдар берілді.
5) Жұмыс оқу бағдарламасы мен күнтізбелік-тақырыптық жоспар, сабақ жоспарының жасалу жолын көрсетіп, оның үлгісін бердім.
6) «Педагогикалық мамандыққа кіріспе» бойынша әдістемелік нұсқауларды берілді.
7) Құжаттарды толтыру, құжаттармен жұмыс жасауды көрсеттім.
Бірлесіп атқарылған жұмыстар
- Нормативтік- құқықтық құжаттармен таныстырылды (Білім туралы заң, блілім мтандарты, ӘНХ, оқу бағдарламалары)
- «Күнделік kz» және басқада білім порталдарымен таныстырылды
- Күнтізбектік жоспар бойынша
- Сабақ кезеңдерін жоспарлау, мақсат құрылымымен таныстыру
- Сбақ жоспарын әзірлеуге, құрылымын жасап үйретуге көмек көрсетілді (ОМЖ,ҚМЖ)
- Қазіргі педагогикалық технологиялар,
- Оқушылардың дәптерлерін тексерудегі қойылатын талаптармен таныстырдым.
- Өз білімін көтеру бойынша
- Өзара сабаққа қатысу,сабақты талдау бойынша жұмыстар жасалынды
- Ашық сабақ өткізіліп, өзіндік талдау жасай білуге дағдыланды
Ұстаз жетістігінің шыңдалатын жері – сабақ
ы
Оқушылардың жетістіктері
Жас маманың жетістіктері
Тәуелсіздік мерекесіне орай ұйымдастырылған «Тәуелсіздік – тұғырым» атты мектепшілік жас ақындар мүшайрасы
«Өркен» дебат клубы жұмысынан көрініс
Ашық сабақ
«Менің сайгүлігім»
Тәлімгер, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Елеусизова А.З