Оқушылардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру » Өскемен қаласы әкімдігінің "N49 жалпы білім беретін мектебі"
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
"N49 жалпы білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7232) 51-20-29
Есепші бөлімі:
+7(7232) 51-20-29
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Оқушылардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру http://49-oskemen.mektebi.kz/uploads/posts/2020-12/1609042348_499.jpg
12
март
2026

Оқушылардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру

Мектебімізде оқушылар арасында лазерлік құрылғыларды заңсыз пайдаланудың қауіптілігі және оның құқықтық салдары туралы түсіндіру және алдын алу жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара барысында оқушыларға лазерлік құрылғыларды орынсыз қолдану адамдардың денсаулығына, әсіресе көз көру қабілетіне айтарлықтай зиян келтіруі мүмкін екендігі түсіндірілді. Сонымен қатар қоғамдық орындарда, көлік жүргізушілеріне, ұшақтарға немесе басқа адамдарға бағыттап лазер қолданудың қауіпті екендігі айтылды.
Оқушыларға мұндай әрекеттердің заң алдында жауапкершілікке әкелетіні, әкімшілік және құқықтық салдары болуы мүмкін екендігі туралы ақпарат берілді.
Түсіндіру жұмыстарының мақсаты – оқушылардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру, заң талаптарын құрметтеуге тәрбиелеу және түрлі құқықбұзушылықтардың алдын алу болып табылады.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив