БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ САЙЛАУ ТӘРТІБІНІҢ ҮЛГІЛІК ҚАҒИДАЛАРЫН БЕКІТУ ТУРАЛЫ №355 БҰЙРЫҒЫНА СӘЙКЕС ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕС ҚАЙТА ҚҰРЫЛЫТЫНЫН ХАБАРЛАЙДЫ.
ХАБАРЛАНДЫРУ
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№49 жалпы білім беретін мектебі» КММ Білім және ғылым министрлігінің 2017 жылғы 27 шілдедегі «Білім беру ұйымдарының қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» №355 бұйрығына сәйкес қамқоршылық кеңес қайта құрылатынын хабарлайды.
Қамқоршылық кеңес мүшелеріне үміткерлер 2025 жылдың 11- 24 қыркүйек аралығында Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№49 жалпы білім беретін мектебі» КММ-не өтініш тапсыруы тиіс.
Қамқоршылық кеңестің құрамына:
1) жергілікті өкілдік, атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері;
2) жұмыс берушілер мен әлеуметтік әріптестердің өкідері;
3) коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері (бар болса);
4) ата-аналар комитеті ұсынған әрбір параллель сыныптан білім алушылардың бір ата-анасы немесе заңды өкілі;
5) қайырымдылық жасаушылар (бар болса) кіреді.
Қамқоршылық кеңестің құрамына:
білім беру ұйымының басшысымен туыстық және жекжаттық қатынасы бар тұлғалар;
сол білім беру ұйымы қызметкерлері;
психиатриялық және (немесе) наркологиялық диспансерде есепте тұратын адамдар;
Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінде көзделген шектеулері бар тұлғалар кіре алмайды.
Ескерту: Қамқоршылық кеңеске мүше болу үшін өтініштер Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
«№49 жалпы білім беретін мектебі» КММ қабылдау бөлмесіне өткізіледі.