1қыркүйек-Білім күні
1қыркүйек-Білім күні
Бұл күн – ерекше, жарқын, көңілді және ізгі мереке. Жылдың осы күнінен білім әлеміне деген жарқын жол басталады.
Жаңа 2024-2025 оқу жылының басталуына орай Білім күніне арналған салтанатты іс-шара Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№49 жалпы білім беретін мектебі»КММ өткізілді. Білім ордасына жаңадан қадам басқан бүлдіршіндер саны- 175, мектеп түлектерінің саны – 63.
Білім күніне арналған салтанатты жиында бірінші сынып оқушыларын мектебіміздің директоры Кадирова Айгуль Чуленбаевна, Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ және полиция бөлімінің мамандары құттықтады.
Өз сөздерінде оқушыларға ақ жол, ұлағатты ұстаздарымызға жаңа оқу жылына сәттілік тіледі.
Білім ордасы баршаңызды бүгінгі Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтайды. Жаңа оқу жылы толағай табыстарға, жаңалықтарға толы болсын!!!