16
май
2022
"Д.Серікбаев атындағы Ш ығыс Қазақстан Техникалық Университетіне" кәсіптік бағдар бойынша экскурсияға барып қайтты.
11-сынып оқушылары қаламыздағы "Д.Серікбаев атындағы Ш ығыс Қазақстан Техникалық Университетіне" кәсіптік бағдар бойынша экскурсияға барып қайтты. Университетті таныстыру барысында "Машинажасау" факультеті деканының орынбасары Байгереев Самат Рахымгалиевич оқушыларды үш бөлімнен тұратын экскурсия барысында құнды ақпараттармен таныстырды. Ең алғашқы бөлімде: кітапхана қоры, кодталған оқулықтар қорымен, оқу залының заманауи қолжетімділігімен бөлісті. Екінші бөлімде: университеттің тарихқа тұнып тұрған мұражайын көрсетті. Үшінші бөлімде: "Машинажасау" бөліміндегі қауіпті аймақ жұмысындағы жаңа қондырғылардың жұмысы және техникалық базасымен таныстырды. Оқушылар өздеріне қажетті ақпарат алып, көкейге келген сұрақтарын қойып, толымды жауап алды. Экскурсия өте әсерлі болды.