30
ноябрь
2021
«Мамандықты таңдау — маңызды іс» атты тақырыпта кездесу өткізілді.
2021 жылдың 30 қараша күні Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «49 жалпы білім беретін мектебі"КММ 11-сынып оқушыларының «Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті» және «Қазақстан-Американ Еркін университеті» мамандарымен «Мамандықты таңдау — маңызды іс» атты тақырыпта кездесу өткізілді. Кездесу барысында оқушылар қазіргі жаңа мамандықтар мен университеттегі білім алушылардың артықшылықтары мен заманауи мамандықтар туралы, қос-диплом ерекшеліктері бағдарламаларымен танысты. Сонымен қатар, өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, кездесуден маңызды ақпарат алды. Алдағы уақытта университтерге «Ашық есік» күніне бару жоспарлануда.





