11
март
2024
«Наурызнама» – Қазақстандағы Наурыз Мейрамын тойлаудың жаңа форматы
Мемлекет басшысы Қасым–Жомарт Тоқаев Наурыз мейрамының төл мағынасын байытып, оны барынша ерекшелеп, жаңаша атап өткен болатын.
Президент тапсырмасына сәйкес, мектебімізде елдік тұрғыда жаңару мен жаңа құндылықтарды қалыптастыру аясында Наурызды бірлік, бауырластық пен ынтымақ мейрамы ретінде қарастыратын жаңа тұжырымдама әзірленді. Осы ретте ұлттық рухани құндылықтарға негізделген 14-23 наурыз күндері аралығындағы әр күнді қазақтың салт-дәстүрімен, ұлттық болмысын ашып көрсетуге бағытталған «Наурызнама» тұжырымдамасы әзірленіп, бекітілген.
14 наурыз (бс.) – «Көрісу күні – Амал мерекесі».
Дәстүр бойынша, бұл – туған-туыстарға, көршілерге, жасы үлкен кісілерге және т.б. сәлем беретін немесе қонақ күтетін уақыт.
15 наурыз (жм.) – Қайырымдылық. Яғни қайырымдылық, мейірім мен тату көршілік тақырыбына арналады.
16 наурыз (сн.) – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні.
Бұл күн мәдениетті, өнерді және ұлттық құндылықтарды насихаттауға арналады.
17 наурыз (жк.) – Шаңырақ.
Бұл күнді отбасы құндылықтарын дәріптеуге арнау ұсынылады.
18 наурыз (дүйсенбі) – Ұлттық киім күні.
Наурызнаманың онкүндігінде ұлттық киімдерді танымал етуге және сәнді киімдер көрсетілімін өткізуге ерекше назар аудару ұсынылады.
19 наурыз (сс.) – Жаңару.
2019 жылдың дәл осы күні еліміздің жаңа тарихында мемлекет пен қоғамда түбірлі өзгерістер басталған бетбұрысты сәтке айналды.
Күн райының ыңғайына қарай осы күні ағаш отырғызу, қоршаған ортаға қамқорлық танытып, тазалық жұмыстарына көңіл бөлінеді.
20 наурыз (ср.) – Ұлттық спорт.
Бұл күні ұлттық спорттан түрлі жарыстар ұйымдастыру ұсынылады.
21 наурыз (бс.) – Ынтымақ.
Бұл күні елді мекендерде қолөнершілер жәрмеңкесін, мерекелік концерттер, ұлттық спорт түрлері бойынша бұқаралық жарыстар, шығармашылыққа арналған open space аймақтары, ұлттық тағамдардың гастрофестивалі, мерекелік сауда-саттық, жәрмеңкелер және т.б. іс-шарала өтеді.
22 наурыз (жұма.) – Жыл басы.
Осы күні орталық алаңдарда мәдени-көпшілік іс-шаралар, спорт сайыстары өтеді.
23 наурыз (сб.) – Тазару. Наурызнаманың қорытынды күні жаңа жылды тұтас ел болып жаңа мақсат, жаңа үмітпен қарсы алудың символы ретінде жалпыұлттық экологиялық акция өткізу жоспарланып отыр.