Мектеп формасы » Өскемен қаласы әкімдігінің "N49 жалпы білім беретін мектебі"
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
"N49 жалпы білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7232) 51-20-29
Есепші бөлімі:
+7(7232) 51-20-29
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мектеп формасы http://49-oskemen.mektebi.kz/uploads/posts/2020-12/1609042348_499.jpg
20
август
2025

Мектеп формасы

Мектеп формасы бала үшін ең маңызды элемент болып табылады, себебі балаңыз көпшілік уақытын мектепте өткізеді. Мектеп формасы оқу процесінде зейінін тұрақтап шоғырлануға көмектеседі және басқа заттарға көңіл аудармауды тәртіптейді.
Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министірлігінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы №26 бұйрығымен орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасының талаптары бекітілді.
Осыны негізгі ала отырып, барлық орта білім беру ұйымдарындағы міндетті мектеп формасы оқытудың зайырлық сипатына сәйкес келуі қажет. Форманың үлгісі мен түсі классикалық үлгіні ұстанып, бірыңғай түстерден болуы шарт. Жаңа 2025-2026 оқу жылында мектебіміздің мектеп формасына қойылатын талаптарын ұсынамыз:
Түсі бірыңғай қара көк түсті болуы керек.
Ер балаларға пиджак, желет, шалбар, мерекелік көйлек, күнделікті киетін көйлек ұсынылады. Оларға арналған шалбардың ұзындығы тобықты жауып кең көлемде пішіледі. Жеңі, жағасы жоқ киімдер киюге тыйым салынады. Аяқ киімі классикалық стильде болуы керек.
Қыз балаларға пиджак, желет, белдемше, классикалык үлгідегі жейде, қысқы мезгілде сарафан, тоқыма желет киюге болатын болса, жеңі, жағасы жоқ киімдерге рұқсат етілмейді және белдемше ұзындығы тізеден түсіп тұруы керек.
Ер балараға мерекелік форма ақ көйлекпен, қыздарға ақ жейдемен толықтырылған күнделікті киетін формадан тұрады. Спорттық киімге ортақ спорттық костюм және аяқ киім жатады.
Сондай-ақ, түрлі конфессиялардың діни киімдердің элементтері болуына рұқсат берілмейтінін ескертеміз.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив