Бүгін балалар жылына орай мектебімізде биылғы оқу жылында оқуды үздік бітірген оқушыларды мадақтау мақсатында "Үздіктер шеруі" болды. Жалпы биылғы оқу жылында 264 оқушы үздік атанып, мақтау қағазымен марапатталды. Мектеп директоры Кадирова Айгуль Чуленбаевна балалар жылы қарсаңында оқу үздіктерін ерекше атап, білім шыңына жете берулеріне ақ жол тіледі. Үздік оқушыларды марапаттауда мектебіміздің өнерлі оқушылары өнер көрсетіп, құттықтау жасады.