19
март
2021
"Білім мазмұнын жаңарту аясында мектеп кітапханаларының жұмысын ұйымдастыру"
2021 жылдың 17.03 күні "№49 жалпы білім беретін мектебі" КММ кітапханасы
"Білім мазмұнын жаңарту аясында мектеп кітапханаларының жұмысын ұйымдастыру" шығармашылық тобы мектептері арасында "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында 6-8 сынып оқушыларымен онлайн " Кітапқұмарлар" сайысын өткізді. Сайыс "Тәуелсіздіктің 30 жылдығына- 30 кітап" акциясы бойынша балалар шығармаларынан тест сұрақтары арқылы ұйымдастырылды. Сайыстың шарты бойынша оқушылар алдын ала берілген 6 шығарманы оқу арқылы 40 сұраққа жауап берді.Сайысқа 12 мектептен 150 оқушы қатысты.Оның ішінде 80 оқушы жүлделі орындарға ие болды.
ГранПри ,40 бал- 20 оқушы,
1орын, 38-39 бал- 20 оқушы,
2 орын, 35-37 бал- 11 оқушы,
3 орын, 30- 34 бал- 29 оқушы иеленді. Жүлделі орын алған оқушыларды құттықтаймыз. Бұл сайысқа оқушылар өте белсенді қатысып, қызығушылық танытты.Кітапханашылар да ,оқушылар да қуанышты күйде , себебі, кітап оқу- рухани байлық, жан азығы. Оқушылардың ұсынысы бойынша осындай сайыстар жалғасын табады.