Оқушыларға қауіпсіздік шаралары туралы жадынама » Өскемен қаласы әкімдігінің "N49 жалпы білім беретін мектебі"
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
"N49 жалпы білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7232) 51-20-29
Есепші бөлімі:
+7(7232) 51-20-29
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Оқушыларға қауіпсіздік шаралары туралы жадынама http://49-oskemen.mektebi.kz/uploads/posts/2020-12/1609042348_499.jpg
02
ноябрь
2023

Оқушыларға қауіпсіздік шаралары туралы жадынама

Оқушыларға қауіпсіздік шаралары туралы жадынама

Жолда жүру ережесімен балалар мектепке не балабақшаға алғаш келген сәтінен бастап таныстырылу керек. Себебі, жолда жүру ережесін сақтау өте маңызды. Әсіресе балалар жолдан өткенде абай болуы қажет. Жолда жүру ережелері балаларға мектеп жасынан түсіндірілгені дұрыс.
 Бүгінде ауылда да, қалада да үлкен көшелер және онда жүйіткіген автокөліктер көбеюде. Көше кеңейген сайын ерсілі-қарсылы жаяу жүргіншілер мен жүргізушілердің де көбейгені даусыз. Соңғы жылдары еліміздің қай жерінде болмасын автокөліктердің барлық түрлері еселеп артып келеді. Мұның өзі көлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілердің, әсіресе мектеп оқушыларының жол ережесін неғұрлым жете біліп, қатаң сақтауын қажет етеді.
 Осыған орай, мектебімізде  де оқушыларға үнемі жол ережесі туралы іс-шаралар өткізіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізіліп отырады.
 Қыркүйек айында, «Қауіпсіз мектеп», «Абай бол балақай!»  атты акциялар және 1-8 сыныптар аралығында сынып жетекшілер «Жол ережесін есте сақта!», «Жол тәртібін сақтаймыз!», «Жол ережесін білу – бәріне міндет!» т.б тақырыптарында сынып сағаттарын өткізді. Сонымен қатар ата-аналар жиналысында  жол патрульдік полициясы қызметкерлері шақырылып, олармен кездесулер ұйымдастырылды. Олар ата аналарға оқушыларды жолда жүру ережесімен таныстырып, түрлі сұрақтарға жауап берді.
 Мектеп дәлізінде «Мектепке барар қауіпсіз жол!» тақырыбында бұрыш жасалынды. Бұрышта көрсетілген жол белгілері оқушыларға таныстырылды. Технология пәнінің мұғалімдері 1-4 сынып оқушылары арасында «Жол жүру ережесін сақтайық!» тақырыбында сурет салу байқауын ұйымдастырды.
 Мектеп медбикесі «Абайла! Тоқта! Сақтан!» атты бала травматизмінің төмендеуіне бағытталған профилактикалық іс-шара өткізді. Сонымен қатар, 5-8 сыныптар арасында «Жол ережесін сақтаймыз, үнемі есте ұстаймыз!» тақырыбында спорттық жарыстар ұйымдастырылды.
 
Жоспарға сәйкес, үнемі іс-шаралар өткізіліп, жалғасын табуда.
 Оқушыларға айтарым, қай жерде жүрсе де жолда жүру ережесін сақтап, басқаларды да соған шақыр











Жолда абай бол!


Жолдағы қауіпсіздік – бұл ата-аналар немесе қамқоршылардан үлкен жауапкершілікті талап ететін міндет, бұл қауіпсіздікті елеусіз қалдыруға болмайды. 

Жалпы ата-ана баласының қайда және кіммен ойнап жүргенін білуі керек. Мектепке кешікпей баруын, үйге уақытысында келуін қадағалағаны абзал.

Өрт қауіпсіздігі


 Өрт –бұл адамның өмірі мен денсаулығына, қоғам мен мемлекетке зиянын тигізетін, қоршаған ортаға үлкен материалдық зақым келтіретін, қоршаған ортадағы заттардың бақылаусыз жануы. Өрт уақытымен және кеңістікте көбейетін, жанудан бөлек масса және жылу ауысуын қосатын, ауыр физико-химимялық процесс. Өрт оқиғалары негізінен тұрғын секторда туындап отыр. Яғни, өрт басқа орындарға қарағанда азаматтардың үйлерінде жиі орын алады. Оның себептері де әр түрлі. Оның ішінде басты 4 себепті айтуға болады: 1. Отты абайсыз қолдану;2. Пештің ақаулығы; 3.Электр желілері мен құралдарын пайдалануда өрт қауіпсіздік ережелерін сақтамау; 4.Балаларды қараусыз қалдыру болып табылады.
 Ең бастысы, үйде от жағылып, қыс бойы пайдаланылатын пеш ақаулы болса, онда ол өрттің баспанада орын алуына бірден-бір себепші. Үйдегі пешке аса үлкен жауапкершілікпен қарау керек. Пеш жаздың күні міндетті түрде жөндеуден өткізілуі тиіс. Балаларға пешті қарауға және жағуға тиым салынады.
 Өрт оқиғаларына басты себепшілердің бірі газ баллондарды пайдаланудағы өрт қауіпсіздік ережелерін сақтамау болып отыр. Газ баллоны өртке қауіптілігімен бірге, үйде жарылысқа себепші болып, үлкен апатқа да соқтыруы мүмкін. Газ баллоны газ плитасына дұрыс орнатылуы қажет. Газ баллоны газдың шығып жатқанын, тек сабын көпіршіктері арқылы тексеруге болады. Газдың иісін ауадан сезген уақытта сіріңке жағуға, темекі шегуге, басқа да электр қондырғыларын іске қосуға болмайды.
 Газ шыққанын байқасаңыз, тез арада есік пен терезені ашып бөлмені желдетіп, баллонды далаға шығарып, апаттан құтқару қызметіне хабарласыңыз. Баллонды қыздыруға, егер баллон бұзылған болса, оны өзіңіз жөндеуге тыйым салынады.
 Өрт оқиғаларына басты себепші электр желісі және өрт қауіпсіздік ережелерін бұзуы болып табылады. Үйге жарық тартқан кезде, көбінесе, оның дұрыс орнатылуы ескеріле бермейді. Ескірген сымдарды қолдану да кездеседі. Осы жәйттардың барлығы аяғында өртке әкеп соқтырады. Электр желісі бұзыла қалған жағдайда, кәсіби біліміңіз болмаса, оны өзіңіз жөндеу - өте қауіпті.
 Сондықтан, үйдегі электр желілеріне салмақ түсіретіндей 2-3 электр затын бір мезетте электр қуатына қоспау керек.
 Өртке келгенде баланың да шалалығы бар. Қолынасіріңкеұстапойнағанжасөспірімдердіңабайсыздығынанболғанөртоқиғалары аз емес

Күзгі демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері

  Баланың жарақат алуы көбінесе мектеп пен үй арасында болады. Көшеде ұзақ ойнап жүріп қалған бала міндетті түрде қиын жағдайға тап болуы мүмкін (балалармен ойнап жүріп ерегісіп, төбелесіп қалуы, бір-бірінің заттарын тартып алуы, бөтен бұзақы балалардың көзіне түсуі және олардың ақша талап етуі, дүкеннен жарылғыш заттарды сатып алып ойнауы, т.с.с.). Ата-ана балаға артық ақша бермеуі керек. Үшкір заттар мен газды балондар алып жүрмеуін қадағалауы қажет.

Көбінесе ата-ана жұмыста болып, бала үйде жалғыз қалатын кездер болады. Балаға техника қауіпсіздік ережелерін және мынаны ескертіп отыруы керек: үйде жалғыз қалғанда электр жүйесіне жақындамау, газ плитасына тиіспеу, терезені ашпау, бөтен кісіге есік ашпау, т.с.с. Ата-анасының әрбір ескертуін ұмытпай, ереже талабын бұлжытпай орындаған балалардың әр түрлі сәтсіздіктен аулақ болатыны шындық.

Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 442-бабына сәйкес кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз сағат 22-ден таңғы 6-ға дейін ойын-сауық мекемелерінде болуы – заңды өкілдеріне үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғатынын ескерсек, бүгінде қосымша ақша табу мақсатында жасы кәмелетке толмаған жасөспірімдердің мейрамханаларда жұмыс істеуі әрбір ата-ананы алаңдатуы абзал. Себебі түнгі уақыттағы бала өмірінің қауіпсіздігі үшін өзімізден басқа ешкімге кіна арта алмайтындығымыз анық.

Иә, бала – сіздің көзіңіздің нұры, көңіліңіздің қуанышы! Дүниенің бар алтынына айырбастамайтын қымбатыңыз! Біздің көңіліміз балада болғанымен, баланың көңілі далада екені рас. Бала болған соң ойнайды. Білуге құштар болып, әр нәрсені бір түртетіні де әу бастан белгілі. Алайда жаза деген аяқасты. Балаларды қайғылы оқиғалардан қорғау үшін қарапайым ережелерді жадыңызда ұстау артықтық етпейді.

Құрметті ата-ана, балаларыңызды жолда қараусыз қалдырмаңыз, жолда жүру ережесін сақтауда балаларыңызға үлгі болыңыздар. Бала өмірінің қауіпсіздігіне немқұрайлы қарамайық.







Құрметті ата-аналар!


      Бұл мектеп оқушыларының көңілді мезгілі, ал үлкендердің ерекше қамқорлық жасайтын уақыты. Күзгі демалыс кезінде балаларыңыздың денсаулығын сақтау үшін олармен қауіпсіз мінез-құлықтың негізгі ережелерін талқылаңыз.

1.     Жолда қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелерін сақтаңыз:

- жолдың жүру бөлігін тек белгіленген жерлерде – зебра өткелінде, рұқсат етілген бағдаршам сигналы бойынша кесіп өту;

 - жолды кесіп өткенде капюшонды, құлаққапты міндетті түрде шешіңіз, телефонмен сөйлесуді тоқтатыңыз,

- жолдың бос екеніне көз жеткізгеннен кейін ғана жолды кесіп өту;

- көлікте шектеулерді қолданыңыз: орындық, белдік;

- аулада ойнағанда сақ болыңыз, оның қауіпсіз екеніне көз жеткізіңіз; - Күз мезгілі алғашқы мұз мезгілі екенін ұмытпа.

2.     Өрт және электр қауіпсіздігі ережелерін сақтаңыз:

- жанғыш материалдармен немесе электр жылыту құрылғыларымен ойнауға болмайды; 3.Қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстау ережелерін сақтаңыз.

- 22.00-де есіңде болсын. Көшеде немесе қоғамдық орында тек заңды өкілдермен бірге жүруге болады.

- өзіңізді арандатпаңыз және жанжалды жағдайға түспеңіз - жанжал, ұрыс;

- бөгде заттарды немесе пакеттерді көтермеңіз.

  1. Көшеде жеке қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз:

- егер күдікті біреу көшеде артыңыздан жүгіріп келе жатса және ол үйден алыс болса, ең жақын адам көп жиналатын жерге: дүкенге, аялдамаға жүгіріңіз;

- бейтаныс үлкендердің кез келген ұсыныстарына келіспеу: бару, олармен бірге жүру; - ешқашан сіздің және үлкендеріңіздің ақшасы көп деп мақтанбаңыз; - үйде үлкендер болмаса, бөтен адамдарды үйге шақырмаңыз.

  1. Үйде жалғыз қалғанда мінез-құлық ережелерін сақтаңыз:

- есікті жақсы танитын адамға ғана ашуға болады, егер сізге пәтер есігін ашу ұсынылса, телефон арқылы үлкендерге айтыңыз;

- пәтер кілтін «қауіпсіз жерде» қалдырмаңыз, кілтті мойныңыздағы сымға ілмеңіз; - кілтіңізді жоғалтып алсаңыз, дереу ата-анаңызға хабарлаңыз.

  1. Өткір, тесетін, кесетін, жарылғыш заттармен, атыс қаруларымен, жүзді қарулармен немесе оқ-дәрілермен ойнауға болмайды.

Балаңыздың күнделікті әрекеттерін жоспарлаңыз және кешке сол күннің қалай өткенін талқылаңыз.Балаларыңызға жедел телефон нөмірлерінің тізімін, телефон нөмірлеріңізді және жақын туыстарыңыздың телефон нөмірлерін беріңіз.Күнделікті тәртіп пен салауатты өмір салтын ұмытпаңыз. Дұрыс, сау тамақтануды қамтамасыз етіңіз.Балаларыңызға қамқор болыңыз, оларды қараусыз қалдырмаңыз!

Есіңізде болсын - балалардың өмірі мен денсаулығы сіздің қолыңызда


Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив