БАҒДАРЛАМА - МОДЕЛЬ - ЖАСАҚТАМА » Өскемен қаласы әкімдігінің "N49 жалпы білім беретін мектебі"
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
"N49 жалпы білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7232) 51-20-29
Есепші бөлімі:
+7(7232) 51-20-29
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » БАҒДАРЛАМА - МОДЕЛЬ - ЖАСАҚТАМА http://49-oskemen.mektebi.kz/uploads/posts/2020-12/1609042348_499.jpg
23
май
2021

БАҒДАРЛАМА - МОДЕЛЬ - ЖАСАҚТАМА

БАҒДАРЛАМА - МОДЕЛЬ - ЖАСАҚТАМА

20 бесплатных программ для 3D-моделирования / Полезное / Сайты и биржи  фриланса. Обзоры фриланс бирж. Новости. Советы. Фриланс для начинающих.  FREELANCE.TODAY

Модель дегеніміз – нақты объектіні,процесті немесе құбылысты ықшам әрі шағын түрде бейнелеп көрсету.

Модельдеу – объектілерді,процестерді немесе құбылыстарды зерттеу мақсатында олардың моделін(макетін) құру.


Модель - кез - келген нысанның қарапайым кейіпі. Нақты обьектіні, процесті немесе құбылысты ықшам әрі шағын түрде бейнелеп көрсету. Модельдер материалдық түрде, яғни бар болуы мүмкін. Кей жағдайларда модельдер құрамы бойынша нағыз нұсқаны ауыстыруы мүмкін. Мысалы, қуыршақ қыздың моделі. Бір нысанда бірнеше модель болуы мүмкін. Мысалы: балықтікі жылтырауық немесе қағаздан жасалған модель. Модельдердің ақпараттық түрі болады. Бұл информатика үшін маңыздырақ. Ақпараттық модель: ауызша, математикалық және графикалық. Автомобиль сызбасы графиктік модель. Қарапайым ақпараттық модель - адамның есімі. Тақпақтар да ауызша модель бола алады.
 Аласа талда алуан алма
 Алқызыл болмай аузыңа салма
 Немесе
 Күндіз бәрі қашады,
 Түнде аспанды басады.
 Математикалық модельдерді математика сабағында сандарды және символдарды пайдаланып құрамыз.
 2*1=2 --------2*6=12
 2*2=4 --------2*7=14
 2*3=6 --------2*8=16
 2*4=6 --------2*9=18
 2*5=10 -------2*10=20

Модельдерді қасиеттеріне қарай мынадай топтарға жіктейді:

1.Қолданылу аймағы.

2.Модельде уақыт факторын ескеру.

3.Білім саласына қарай топтау.

4.Модельді көрсету тәсіліне қарай топтау.



 

 
 



Бағдарлама – магниттік тасымалдаушыда, дискіде файл түрінде сақталып, қолданушының командасы бойынша компьютер жадына жүктеліп орындауға арналған машина тіліндегі нұсқаулар жиыны.

Бағдарламалық жасақтама – белгілі бір типтегі есептеуіш машиналар кластарына арналған, оның аппараттақ құралдарының жан – жақты қызметін,  сонымен қатар пайдаланушының оның есептеу ресурстарына мұқтаж кез келген есептерін шығаруын жүзеге асыратын бағдарламалар жиынтығы.

Бағдарламалық жасақтама – ақпараттық технологиялардың бір бөлігі.

ЭЕМ-ға арналған бағдарламалық жасақтамаларды функционалдық қызметтеріне байланысты төмендегідей түрлерге бөледі:

-   жүйелік БЖ;

-  инструменталдық БЖ; 

-  қолданбалы БЖ;

Жүйелік бағдарламалық жасақтама (ЖБЖ) – ЭЕМ барлық ресурстарын  басқаруды, пайдаланушымен интерфейсін ұйымдастыруды қамтамасыз ететін бағдарламалық құралдардың жиынтығы. Жүйелік бағдарламалық жасақтаманың негізгі бөліктері:

-  операциялық жүйе (ОЖ) MS-Dos, Windows, Unix, Linux;

-  сервистік бағдарламалық құралдар (антивирус, сервистік бағдарламалар); 

-  желілік бағдарламалық құралдар.

ЖБЖ компьютердің ең негізгі базалық бағдарламалық жасақтамасы болып табылады. 

Инструменталдық бағдарламалық жасақтама – кез келген пәндік аумақта (сонымен қатар ЖБЖ және ҚБЖ) ерекше бағдарламалық құралдарды құруды автоматтандыруға  арналған бағдарламалық жасақтама бөлігі. Оның негізін құрастырушылар:

-  бағдарламалау тілдері (Delphi, Visual Basic және т.б.);

-  компиляторлар;

-  интерпретаторлар;

-  стандарттық бағдарламалар библиотекалары (СПБ);

-  бағдарламаларды редактрлеу, жөндеу, тестілеу құралдары.

Қолданбалы бағдарламалық жабдықтар - әртүрлі мәселелік аумақтардағы  қоданбалы есептерді шешуді жасақтайтын жеке қолданбалы бағдарламалар мен қолданбалы дестелерден тұратын бағдарламалық жасақтама түрі (Word, Excel және т.б.). ҚБЖ ЭЕМ–ң  адам өмірінің әртүрлі қызмет салаларында қолданылуын жүзеге асырады. Оның негізін қолданбалы бағдарламалар дестелері  (ҚБД) құрады. ҚБЖ құрамына келесі бағдарламалық құралдар енеді:

-  жалпы мақсаттағы ҚБД;

-  мәселелік бағыттталған ҚБД;

-  интегралданған ҚБД.

Қолданбалы программалық жасақтама - әртүрлі мәселелік аумақтардағы қолданбалы есептерді шешуді жасақтайтын жеке қолданбалы программалар мен қолданбалы программалар дестелерінен (ҚПД) тұратын программалық жасақтама бөлігі. Оның құрамына: 

-   жалпы мақсаттағы ҚПЖ;

-   мәселелік бағытталған ҚПЖ;

-   интегралданған ҚПЖ

кіреді.

Жалпы мақсаттағы қолданбалы программалық жабдықтар құрамына әртүрлі қолданбалы есептерді шешуге жиі қолданылатын программалық құралдар енеді, олар:

-  мәтіндік редакторлар мен процессорлар;

-  графикалық редакторлар;

-   электрондық кестелер (ЭТ) процессорлары;

-   мәліметтер қорын басқару жүйелері;

-   электрондық презентациялар және т.с.с.

Мәселелік бағытталған қолданбалы программалық жабдықтар  -  белгілі бір саладағы есептерді жүзеге асыруға мамандандырылған программалық құралдардың жиынтығы. Мұндай программалық құралдарға:

-   жобалауды автоматтандыру жүйелері (ЖАЖ);

-   таңбаларды айыру жүйелері;

-   статистикалық, қаржылық – аналитикалық жүйелер;

-   ғылыми зерттеулер жүйелері

және т.с.с. жатады.

Интегралданған ҚПЖ – қазіргі уақыттағы ҚПЖ-ның қарқынды және қуатты дамып жатқан бөлігі. Олар – көп функционалды, бірнеше қолданбалы программалық жабдықтарды бір ресурстық қор негізінде жинақтап объектілер деңгейінде әсерлесулерін жүзеге асыратын дестелер (Lotus Works, Microsoft Office  және  т.б.)

Мәтіндік ақпараттарды өңдеу құралдары

Компьютерде пайдаланушының жұмысы көбнесе әртүрлі мәтіндік ақпараттарды өңдеумен байланысты. Мәтіндік ақпараттарды еңдеудің негізгі ұғымдары, міндеттері, әдістері мен құралдарына қысқаша шолу жүргізейік. Мәтіндік құжаттарды өңдеудің келесі негізгі қадамдарын атауға болады:

-  мәтінді енгізу;

-  редакциялау (соның ішінде пішімдеу түрлері);

-  құжатты сақтау;

-  жариялау;

-  құрылған құжатты іздеу және ашу;

-  аудару.

Мәтінді енгізу.  Мәтінді енгізуді пернетақтаның көмегімен, қағаздағы құжатты электрондық пішімге аударумен, дауыс арқылы, қолмен жазу арқылы енгізуге болады.

Редакциялау - терілген мәтінде өзгерту және шрифт, абзац пішімдерін орнату арқылы қажетті түрге келтеру. 

Құжатты сақтау – мәтіндік құжатты дайындаудың маңызды қадамдарының бірі. Сақтауда мәтіндік құжаттың сақталу пішіміне көңіл аудару керек. Жиі қолданылатын пішімдерге – ASCII, RTF, DOC, HTML пішімдері жатады.

ASCII  (American Standard Code for Information Interchange)  -  ең алғашқы және ең қарапайым ұйымдастырылатын пішім (әрбір әріпке бір байт сәйкес). 

RTF (Rich Text Format) - әртүрлі мәтіндік процессорлар арасында құжаттар алмасу пішімі. Ең негізгі ерекшелігі  -  оның ішкі ұйымдастырылуы пішімдеулердің барлық элементтерін (шрифт өлшемі мен параметрлері, абзац параметрлері, т.с.с.) беруді қамтамасыз етеді.

DOC  -  бұл Microsoft Word мәтіндік процессорының ішкі пішімі (MS Word 2000  және  MS Word 97 үйлесімді, ал одан көне нұсқалар үйлесімді емес).

HTML (Hypertext Markup Languange)  -  Интернетте Web-беттер құру үшін қажетті гипермәтінді белгілеудің әмбебап тілі. Word 2000 үшін doc сияқты ішкі пішімге жатады. 

Мәтіндік құжатты жариялау. Құжатты құрып және сақтағаннан кейін оны жариялау мәселесі туады. Құжатты көрсету типтеріне байланысты жариялаудың үш түрі бар, олар:

-  құжатты басу (қағазда немесе таспада қатты көшірме жасау);

-  электрондық жариялау (электрондық поштаарқылы, тасуышта );

-  Web-құжаттар арқылы (Интернетте жариялау).

Құрылған құжатты іздеу және ашу. Құрылған құжатпен жұмысты қайта іске қосу үшін оны тауып және ашу керек. Бұл операциялар оның Web-бет түрінде жарияланғаны немесе сәйкес файлдық жүйеде сақталғанына байланысты олардың нақты іздеу және ашу мүмкіндіктерін қолдана отырып жүзеге асырылады. 

Мәтіндік құжаттарды өңдеуде кездесетін негізгі ұғымдар:

-  символ (таңба, әріп, цифра, т.с.с.). Әрбір символ шрифтімен, өлшемімен, кескін стилімен, түсімен анықталады;

-  абзац  -  аяқталған ойды білдіретін текст фрагменті, компьютер үшін Enter түймешесінің екі басуы арасында орналасқан мәтін бөлігі.

-  колонтитул  -  документтің әрбір бетінде қайталанатын элемент (жоғарғы немесе төменгі колонтитул).

Мәтіндік  ақпаратты өңдейтін бағдарламалық құралдар. Мәтіндік құжаттардың күрделілігіне байланысты, олардың сапалық орындалу дәрежесіне байланысты текстік редакторлар, текстік процессорлар, үстелдік баспа жүйелерін анықтауға болады.

Текстік редакторлар – күрделі емес мәтіндік құжаттар дайындаудың негізгі мүмкіндіктерімен қамтамасыз етілген программалық жабдықтар. 

Текстік процессорлар – кез келген күрделі мәтіндік құжаттар дайындаудың барлық күрделі мүмкіндіктерімен қамтамасыз етілген программалық жабдықтар (MS Word, TeX, LaTeX, т.б. ).

Баспалық жүйелер – мәтіндік және иллюстративтік мәліметтерді компьютерлік теру, басып шығару, термелеу қызметтеріне арналған аппараттық және программалық жабдықтардың кешені.

MS Word мәтіндік процессоры, оның мәтіндермен жұмыс істеу мүмкіншіліктері. MS Word – Windows жүйесінде мәтіндік құжаттармен жұмыс істеудің қуатты процессоры. Қазіргі замандағы мәтіндік процессор пайдаланушыға төмендегідей қызметтерді тиімді орындауға мүмкіндік береді:

- мәтіндерді интерактивті режімде теру;

-  мәтінді редактрлеу (түзетулер жасау, символдарды пішімдеу, абзацтарды пішімдеу, беттерді пішімдеу, құжатты пішімдеу, ендірілетін объектілерді пішімдеу);

-  көп терезелілік режімді қолданып бірнеше мәтіндік құжатпен бір уақытта жұмыс істеу;

-  мәтіндерді импортау (экспорттау мүмкіндіктері, басқа қолданбалы жабдықтармен қарым-қатынас жасау);

-  арнайы таңбалармен жұмыс істеу (математикалық белгілер, формулалар редактрлері, индекстер, т.с.с.);

-  грамматикалық тексеру жүргізу, жолдарды автоматты тасымалдау;

-  ендірілетін объектілермен жұмыс істеу (графиктер, кестелер, кескіндер, суреттер, фигуралар, WordART колеккциялары, т.с.с.)



Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив