«Қамқор», «Мектепке жол» акцияларын мектеп тарапынан ұйымдастыру шаралары
«Қамқор», «Мектепке жол» акцияларын мектеп тарапынан ұйымдастыру шаралары
Мектебімізде «Қамқор», «Мектепке жол» акциялары мектеп директоры Кадирова Айгул Чуленбаевнаның бастамасымен қолға алынды. Халықпен тиімді байланыс орнатып, адамдардың зәру мәселесін шешуге жедел ден қоюда, қайырымдылық, адамгершілікті биік ұстап, жылы лебізін аямай, қолдан келген жәрдемін ұсынып, үлес қоса білуде Айгүл Чуленбаевнаның еңбегі зор.
Акция мақсаты: аз қамтылған, көп балалы отбасынан шыққан балаларға, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, Қазақстан Республикасының Заңнамасында анықталған балалардың өзге де санаттарына әлеуметтік көмек пен қолдау көрсету.
Акция шеңберінде мектеп директоры Кадирова А.Ч., мұғалім Рахимжанова Р.А. құны 12000 теңгелік 2 сөмке, оқу құралдарымен тарту етті. Ал «ДК Проект» ЖШС 6 телефон номеріне 22000 теңге көлемінде теңгерілім толтырып берді. Жергілікті өзін- өзі басқару комитеті тарпынан аз қамтылған отбасы оқушыларына оқу құралдарымен жабдықталған 2 сөмке сыйға тартылды.
Көп балалы отбасына 6 «А» сынып жетекшісі Мусралинова У.С. мен ата- аналары 42000 теңге көлемінде қажетті азық- түлік, жиһазбен жабдықтады.
Қазан айында «Қамқор», «Мектепке жол» акциялары аясында мектеп тарапынан 16 отбасына жалпы құны 56000 теңгенің заттары (азық- түлік, оқу құралдары, тазалық заттары, киім- кешек) таратылып, әр отбасына шаққанда 3500 теңгені құрады.
Қазан айында ТОО «Алаш- Құрылыс» компаниясының қаржы директоры А.Т. Нурсолтанов құны 44890 теңгелік телефонды тарту етсе, Шакиров М.- 5000 тг, мектеп мұғалімдері Кажиекперова Г.-2000 тг, Жумагалиева А.-2000 тг, Бейсенгазина Р.К.-2000 тг, Кусайынов Е.-4000 тг, Рахатова Ж.-2000 тг, Абилмажинова А.-2000 тг, Сугирбаева Г.-5000 тг, Тежибаева Г.- 2000 тг көлемінде теңгерім толтыруға көмек көрсетті.
Қараша айында мұғалімдер Жайсанбаева Ә. – 2000 тг, Тусупова А.-2000 тг, Сләмбек А.-2000 тг, Ракижаева М.К.- 2500 тг, Баймолдина С.Т.-1500 тг, Уразова М.- 2000 тг, Әмәлиәт Ө.-2000 тг көлемінде теңгерім толтыруға себепкер болды. Мектеп ұжымы тарапынан мұқтаж отбасына 45000 тг қыстық киім-кешек пен аяқ киім алуға көмек көрсетті. 1 оқушыға 25000 теңге көлемінде «Жас сарбаз» формасы тарту етілді. Осы айда 18 отбасына 30600 теңгенің тұрмысқа қажетті заттары таратылып, әр отбасына шаққанда 1700 теңгені құрады. Қайырымдылық акциясының ұйымдастырылуына Қамқоршылық кеңес мүшелері белсене қатысты.
Желтоқсан айында Қожаназыров И. 2000 тг, Кайдарова Л.А. 2000 тг, Кабдыкаримова Ф. 2000 тг, Касымжанов А. 2000 тг көлемінде телефонға бірліктер салып, оқушылардың қашықтықтан білім алуларына көмек көрсетті.
Атаулы әлеуметтік көмек алатын және көп балалы отбасы оқушыларының барлығы автобуста тегін жол жүру айлық билетімен ай сайын қамтамасыз етіліп отыр.
«Қамқор», «Мектепке жол» акциялары жыл көлемінде өз жалғасын таппақ.