«Жас сарбаз» сыныптарының ант қабылдау рәсімі » Өскемен қаласы әкімдігінің "N49 жалпы білім беретін мектебі"
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
"N49 жалпы білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7232) 51-20-29
Есепші бөлімі:
+7(7232) 51-20-29
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Жас сарбаз» сыныптарының ант қабылдау рәсімі http://49-oskemen.mektebi.kz/uploads/posts/2020-12/1609042348_499.jpg
14
декабрь
2020

«Жас сарбаз» сыныптарының ант қабылдау рәсімі

Егеменді  еліміздің ең ұлық, ең қастерлі мерекесі – Тәуелсіздік күні қарсаңында Өскемен қаласы  әкімдігінің «№49 жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Тәуелсіздік күніне орай мектеп  директоры - Кадирова Айгуль Чуленбаевнаның ұйымдастыруымен,2020 жылдың 14 желтоқсанында  дәстүрге сай, «Жас сарбаз» сыныптарының  ант қабылдау рәсімі өткізілді. 
Бұл күнгі маңызды рәсімге Өскемен қаласының 27943 әскери гарнизонының штаб бастығы, гарнизон бастығының орынбасары подполковник - Нұрлан Талғатұлы Айтжанов және де аға офицерлер  арнайы  шақыртылды.      
      Өткізілген іс-шара аясында «Жас сарбаз» сыныбының  47 оқушысы  салтанатты түрде ант қаблдады. Жас сарбаздардың 5 оқушысы офицерлердің алдында ант қабылдаса, 42 оқушы ZOOM бағдарламасы арқылы онлайн түрде ант қабылдады. Олар қонақтардың  алдында «Жас сарбаз» ұйымының  құндылықтарына сай болуға, мақсаты мен бағыттарын жүзеге асыруға, Тәуелсіз  Отанымыздың жарқын болашағына өз үлестерін қосуға ант берді.  Сонымен қатар  арнайы әскери киім, саптық жүрістерді  мақтана, марқая көрсетті.
Тұңғыш  ант қабылдаған шәкірттерге 6 «А» және 6 «Б»  «Жас сарбаз»  сыныптары  жылы  лебіздерімен қатар құттықтауларын жолдады. Іс-шараның  соңында оқушыларға   "Жас Сарбаз" ұйымының тәрбиеленушісі екендігін растайтын куәлік және сертификат  табыс етілді.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив