Іс-шаралар » Страница 20 » Өскемен қаласы әкімдігінің "N49 жалпы білім беретін мектебі"
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
"N49 жалпы білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7232) 51-20-29
Есепші бөлімі:
+7(7232) 51-20-29
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Страница 20 http://49-oskemen.mektebi.kz/uploads/posts/2020-12/1609042348_499.jpg
Зияткерлік күн
17
март
2022
Зияткерлік күн
20 Наурыз"Наурыз шапағаты" атты онкүндігі аясындағы "Зияткерлік "Күніне 3"А" сынып оқушылармен өткен "Шешен болсаң,шешіп көр"атты салт-дәстүрге байланысты онлайн сайыс.
16-шы наурыз - Жайлау күні.
16
март
2022
16-шы наурыз - Жайлау күні.
16-шы наурыз - Жайлау күні. Айналамызды тазалау, тал егіп, көшет отырғызу бұл жас ұрпақ үшін тәрбие мен тәлімге толы ұлағатты іс. Ал қоршаған орта үшін тазалық қашан да бірінші орында тұрады. «Бір тал кессең, он тал ек», «Атаңнан мал қалғанша тал қалсын» деген қанатты сөздерге қарап-ақ көшет отырғызудың, айналамызды көгалдандырудың қаншалықты маңызды екендігін түсіну қиын емес.⠀ Наурыз мерекесі құтты болсын!
Шежіре күні
15
март
2022
Шежіре күні
"Жаңа наурыз" жобасы аясында шежіре күніне арналған "Жеті атасын білген ұл жеті жұртқа жөн айтар" атты тақырыпта тәрбие сағаты өтті.
14 наурыз - Көрісу мейрамы
14
март
2022
14 наурыз - Көрісу мейрамы
14 наурыз - Көрісу мейрамы, амал мерекесі. Амал күні қазағым көріседі Көрісу, бұл көненің желісі еді. Жасың құтты болсын деп жамырасып, Ақ ниетпен алал бол деліседі.
Мектебімізде кезекті дебат ойыны өткізілді.
09
март
2022
Мектебімізде кезекті дебат ойыны өткізілді.
 7фракция қатысты.  Дебат ойыны өте  тартысты да қызықты өтті.
8 наурыз халықаралық әйелдер күніне
04
март
2022
8 наурыз халықаралық әйелдер күніне
8 наурыз халықаралық әйелдер күніне орай мектебімізде үздік қызметкерлер Өскемен қаласы білім бөлімінің, кәсіподақ ұйымының, мектеп директорының  марапаттарына ие болды. Ер-азаматтар қызықты да мазмұнды концерт қойып, ерекше көңіл-күй сыйлады. Әйел-аналар, ару қыздар! Мереке құтты болсын!
"Парасат" дебат клубы
03
март
2022
"Парасат" дебат клубы
Мектебіміздің "Парасат" дебат клубы жоғары оқу орындары арасында өткен студенттердің кезекті пікірсайысына қатысып, Алғыс хаттарға ие болды. Ойларың ұшқыр, тілдерің шешен болсын!
ЩҚО жазушысы Нұрдаулет Ақышпен онлайн кездесуге қатысты
01
март
2022
ЩҚО жазушысы Нұрдаулет Ақышпен онлайн кездесуге қатысты
Жазушымен кездесу. 📚📚📚📚📚📚 Мектебіміздің 5 сынып оқушылары әдебиет сабағында О.Бөкей атындағы кітапхананың  6 шы филиалы ұйымдастыруымен өткізілген белгілі ЩҚО жазушысы Нұрдаулет Ақышпен онлайн кездесуге қатысты. Оқушылар жазушының өмірбаяны мен шығармашылығы туралы өз аузынан естіп, пән мұғалімі Салтанат Қабылхановна арқылы сұрақтарын жеткізді. Жазушы оқушылардан келген сұрақтарға ризашылықпен жауап беріп, жас оқырмандарды кітап оқуға шақырды.