Материалы за 28.09.2026 » Өскемен қаласы әкімдігінің "N49 жалпы білім беретін мектебі"
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
"N49 жалпы білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7232) 51-20-29
Есепші бөлімі:
+7(7232) 51-20-29
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за 28.09.2026 http://49-oskemen.mektebi.kz/uploads/posts/2020-12/1609042348_499.jpg
Мектебімізде күзгі әскерге шақыру науқаны аясында «Ашық ерлік сабағы» өтті.
28
сентябрь
2026
Мектебімізде күзгі әскерге шақыру науқаны аясында «Ашық ерлік сабағы»
Іс-шараға 8, 9, 10-сынып оқушылары қатысып, әскери қызметкерлермен кездесу өткізді. Кездесу барысында оқушылар әскери қызметтің маңызы, Отан алдындағы азаматтық борыш, әскери тәртіп пен жауапкершілік туралы құнды ақпарат алды. Әскери қызметкерлер оқушыларға өз тәжірибелерімен бөлісіп, Отан қорғау – әр азаматтың қасиетті міндеті екенін атап өтті. Кездесу соңында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мазмұнды жауаптар алды
«Заң және тәртіп – қоғам қауіпсіздігінің негізі» тақырыбында тағылымды кездесу өтті.
28
сентябрь
2026
«Заң және тәртіп – қоғам қауіпсіздігінің негізі» тақырыбында
Бүгін мектебімізде 6–7 сынып оқушылары арасында мектеп инспекторы Ултомбаева Еркежан Талғатқызының қатысуымен «Заң және тәртіп – қоғам қауіпсіздігінің негізі» тақырыбында тағылымды кездесу өтті. Кездесу барысында оқушыларға заң талаптарын сақтау, құқықтары мен міндеттері, қоғамдық тәртіпті бұзудың алдын алу және қауіпсіз мінез-құлық ережелері туралы маңызды ақпарат берілді. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, пайдалы кеңестер алды.